Түзетілген әлеуметтік кодекс 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Оған сенаторлар 500-ге жуық түзетуді мақұлдап, енгізді. Оның ішінде азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін 14,5 пайызға дейін ұлғайту.
Алғаш рет мемлекеттік көмек жазасын өтеп жатқан бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарға ғана емес, оларға қамқорлық жасайтын адамдарға да қолжетімді болады.
Сенатор Ләззат Қалтаеваның айтуынша, бүгінде мүмкіндігі шектеулі 54 сотталушы бас бостандығынан айыру орындарында.
Тағы бір түзетулер бірінші топтағы мүгедектігі бар жандардың жеке көмекшілерін әлеуметтік сақтандыруға мүмкіндік береді.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
— Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін жеке көмекшілерді міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету.
Бұл норма бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекшіні міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді. Қарт зейнеткерлер жинақ ақшасын ала алады Әлеуметтік кодексте зейнеткерлерге де мүмкіндік қарастырылған. Олар тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін БЖЗҚ-дан жинақ ақшасын ала алады. Және өздері үшін ғана емес, жақын туыстары үшін де. Бұл шара 75 мың зейнеткерге әсер етуі мүмкін.
Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.