eGov mobile eDensaulyq медициналық деректер бөлімін кеңейтеді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.
Бүгінгі күні eGov мобильді қосымшасында жаңа eDensaulyq бөлімі енгізілді, онда халықтың кеңейтілген медициналық деректері, оның ішінде донор мәртебесі (өмір бойы), электронды рецепттер, медициналық мәліметтер, жүктілік жазбалары, диспансерлік есептер, ауруханаға жатқызу фактілері, вакцинация мәліметтері, зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтер, көрсетілген клиникалық-диагностикалық қызметтер, еңбекке жарамсыздық парақтары туралы ақпараттар бар.
«Медициналық көмекті бұдан да қолжетімді ету, үйден шықпай-ақ алуға болатын қызметтердің тізімін ұлғайту және оларды көрсету сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау саласын цифрландыру процестерін белсендіру және тереңдету қажет», — деді Көлгінов.
Отырыс нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға құпия медициналық деректерді қорғауды ескере отырып, ақпараттық жүйелерді біріктіру және цифрлық медицинаны одан әрі дамыту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.