Қостанайдағы президент резиденциясы оңалту орталығына айналады.
Ол бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар балаларға арналған. Облыста мұндай науқастардың саны 2000-ға жуық. Олармен дефектологтар, логопедтер, реабилитологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ физиотерапия жаттығулары мен сумен сауықтыру жоспарлануда. Орталық жыл сайын 900-ге жуық баланы қабылдай алады.
Осылайша, қамту бес есеге жуық өседі. Қалпына келтіру процедураларының мерзімі де артады: екіден үш аптаға дейін. Науқастарды бұрынғы резиденцияға орналастырмас бұрын ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар сатып алынады. Қазір нысанды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселесі шешілуде.
Гүлнәр Әбенова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:
– Барлық бейімделу сол жерде жүргізілуі тиіс. Бұл қарапайым пандустар, тұтқалар, көтергіштер, бұл барлық жерде, бөлмелерде, жуынатын бөлмелерде, барлық жерде бейімделу болуы керек. Бұл қажеттіліктерге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді.