Ересек жаста не істеу керектігін Людмила Башканова 37 жасында түсінді. Мұның себебі денсаулығына байланысты мәселелер болды, соның салдарынан әйел массажист болуды және адамдарға көмектесуді үйренді. Ол әр адам өзіне рахат әкелетін нәрсені істеу керек екеніне сенімді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы.
Людмила Башкановада 1 топтағы мүгедектік. Осыған қарамастан массажист мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
Людмиланың жұмысы адамдарға аяғынан тұруға көмектескені туралы көптеген әңгімелер бар.
– Қандай жұмыс болса да, мен оны әрқашан шын жүректен атқарамын, мамандығымды дамытамын. Мен күйзеліске ұшыраған, жағымсыз күйдегі, күш-қуаттың төмендеуін сезінетіндерге көмектескеніме өкінбеймін. Массаждың көмегімен мен адамдардың өз күшіне деген сенімін оятамын. Менің басты міндетім — мүмкіндігінше көп адамға көмектесу, — дейді Людмила Башкенова.
Әйел ауырмай тұрып мұнай саласында жұмыс іздеуді жоспарлағанын, бірақ бұл оның арманы емес екенін түсінгенін айтты.
– Мұнай саласында жұмыс істеу – әрбір жаңаөзендіктің арманы деп есептей аламыз. Бірақ көп адамдар, біріншіден, бұл салаға ешкімді қабылдамайтынын, екіншіден, мұнай өнеркәсібі бәріне бірдей жарамайтынын бұрыннан біледі. Менің арманым адамдармен жұмыс істеу, қоғамға нақты пайда әкелу екенін менің денсаулығымдағы ақаулар көрсетті. Сіз қай мамандықта оқысаңыз да, мүгедектігі бар жан болсаңыз да, кез келген уақытта, кез келген жерден жұмыс таба аласыз. Бастысы, стереотипті ойланбау және ынталану керек, — деп қосты жаңаөзендік.
Людмила массажист болғанға дейін қолөнермен айналысқан. Ол сәбилерге арналған түрлі киімдерді тоқып, сатты. Еңбек етуден жалықпай, еңбекпен, термен шыққан нан дәмді болады деген ұстанымды ұстанды.