Now Reading
Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады

Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді еліміздегі ынтымақ пен келісімді бейнелейтін мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық бірлік – баға жетпес байлығымыз, мемлекеттігіміздің берік іргетасы. Қазақ жері түрлі этнос өкілдерінің мекеніне айналды. Бүгінде біздің барлық азаматтарымыз ортақ өткенге, бүгінге және болашаққа қатыстылығын сезінеді, бізде ортақ құндылықтар мен мұраттар бар. Біз бәріміз бір үлкен шаңырақтың, біртұтас қазақ елінің өкіліміз.

Еліміздің тұрақты ілгерілеуі біздің реформаларымыздың табысты болуына байланысты. Біз мызғымас бірлігіміздің арқасында ғана биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Халық даналығы: «Бақыттың бастауы – келісім» дейді. Бұл бабалар өсиеті Әділ Қазақстанды құрудағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Біз теңдік пен әділеттілік қағидаттарына негізделген үйлесімді қоғамды дәйекті түрде құратын боламыз.

Елімізді жаңа биіктерге көтеретін халқымыздың бірлігі нығая берсін!

Барша отандастарымызға амандық пен өркендеу тілеймін!

Мереке құтты болсын, қымбатты отандастар! », — делінген құттықтау мәтінінде.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×