Now Reading
Астанада жеңілдігі бар жандарға көлік карталарын шығару қайта басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада жеңілдігі бар жандарға көлік карталарын шығару қайта басталады

Астанада жеңілдігі бар жандарға көлік карталарын шығару қайта басталады

Құжаттар орталық кассада қабылданады.

 

20 мамырда Астанада атаулы жеңілдікті мен мектеп көлігіне арналған карталарды беру және қайта шығару қайта басталады. Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассада жолаушылардың жеңілдетілген және мектеп санаттары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайта шығаруға құжаттарды қабылдау әдеттегідей өтеді, деп хабарлайды қалалық мониторинг және жедел жауап беру орталығы.

 

«Бұрын көлік карталарын шығаруға құжат тапсырған пайдаланушыларға «City Transportation Systems» ЖШС қызметкерлері қоңырау шалады. Өтініш берген кезде көлік картасын жеткізуге тапсырыс бергендер де картаны алу үшін орталық кассаға өз бетінше жүгіне алады, өйткені өтінімдердің көптігіне байланысты жеткізу уақыты кешігуі мүмкін»,- делінген хабарламада.

 

Орталықтың мәліметінше, Transcard.kz сайтында жасалған өтініштер кезектілік тәртібімен өңделеді. Көлік картасының дайындығы туралы ақпарат өтінімді ресімдеу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.

 

Жолаушыларға уақытша мерзімге берілген талон көлік картасын алғаннан кейін қайтарылуы тиіс екені ескертіледі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...