Қарағандыда «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» қорының жаңа әлеуметтік жобасы – жасөспірімдер үйі пайда болды. Онда «SOS Теміртау балалар ауылының» қамқорлығындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер орналасады.
Жасөспірімдер үйінің жайлы пәтері Қарағандының белсенді дамып келе жатқан аудандарының бірі «Оңтүстік-Шығыс» аймағында орналасқан. Жобаға «Халық» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. Төрт бөлмелі пәтер алуға қордан 51 миллион теңге бөлінді. Пәтер «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» қорының қаражатына жабдықталды. Жаңа жасөспірімдер үйінің ауданы 140 шаршы метрді құрайды.
⠀«Жаңа, жайлы жастар үйінде 16 жастан асқан жеті жасөспірім тұрады. Қазір олар Қарағандыдағы жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуда. Жасөспірімдер үйіне көшу олардың бірқалыпты әлеуметтенуін және қоғамға интеграциялануын қамтамасыз етеді. Бұл олардың ары қарай ұмтылатын өмір сапасы туралы қалыпты идеяларды қалыптастыруға көмектеседі», — деді кілттерді тапсыру кезінде «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайхов.
⠀Жасөспірімдер мұғалімдердің бақылауымен шағын топта пәтерде тұратын болады.
⠀«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы құрылған. Қордың құрылтайшылары Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Қор қазақстандықтарға жүйелі көмек көрсетеді: осы жылдар ішінде 45 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары жүзеге асырылды.