Астана әкімдігінің «Еңбек ұтқырлығы» орталығының директоры Олжас Омар елорданың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар туралы айтып берді.
«Бізде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өз бизнесін ашуға арналған гранттар бар, оның ішінде АӘК алушылар, көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, мигранттар, кандастар, жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдар бар. Бізде бұл санаттар бойынша гранттар бар, өтінімдер Business.enbek.kz порталында ағындар бойынша қабылданады», — деді Олжас Омар Елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
ЖК-ның тіркеу мерзімі 3 жылдан аз болуы керек.
«Грант бір рет беріледі, 3 жылдан аспайтын мерзімге «Бастау Бизнес» оқуы туралы сертификаттар болуы қажет. Грант сомасы 400 АЕК, яғни 1,380 млн теңге. Биыл 132 грант беру жоспарланса, оның 66-сын біз беріп үлгердік. Өтінімдерді қабылдау 11 қыркүйекте басталады», — деп қосты спикер.