Таразда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды.
150 орындық нысанды пайдалануға беру қазан айының 2-ші жексенбісінде аталып өтетін Мүгедектігі бар жандар күніне орайластырылды. Бұрынғы орталық барлығына қызмет көрсете алмайтын. Жыл сайын мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан оңалтудан өтеді. Мұнда сіз әртүрлі шеберханаларға барып, жұмысшы мамандықтарын меңгеруге мүмкіндігіңіз бар.
Қарлығаш Бибазарова, облыстық әлеуметтік оңалту орталығының директоры:
– Біздің орталықтың мақтанышы – роботтандырылған жүйелер. Яғни, адам жүре алмаса да, біз оған экзоскелет киеміз, содан кейін роботтың өзі, адам қозғалысын қайталай бастайды. Бұл жүйеде толығымен биологиялық кері байланыс бар. Адам жүрмейтін болса да, бірақ бір бұлшықет жұмыс істесе де, компьютерлік жүйе мұның бәрін көрсетеді.