Now Reading
Республика күні қарсаңында көкшетаулықтар жаңа пәтерлердің кілтін алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Республика күні қарсаңында көкшетаулықтар жаңа пәтерлердің кілтін алды

Республика күні қарсаңында көкшетаулықтар жаңа пәтерлердің кілтін алды

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында Көкшетауда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аясында 65 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Облыс орталығының әкімі Бауыржан Ғайса халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға, жетім балаларға, көп балалы отбасыларға және ұзақ уақыт бойы баспана кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкерлерге кілттерді табыс етіп, жерлестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Осы жылдар ішінде қаламыз толағай табыстар мен жетістіктерге қол жеткізді. Құрылыс жұмыстары да қарқын алды. Жақында жаңа шағын аудандар бой көтеріп, қаламыз абаттандырылды. Биылғы жыл көкшетаулықтар үшін табысты болды. Көктемде 100 отбасы баспана кілтін алған болатын. Бүгін Республика күні қарсаңында қаламызда жаңа баспанаға ие болған тағы 65 отбасына пәтер кілтін табыстап жатырмыз», — деді әкім.

Сары Арқа көшесі 26 және 26/1 мекенжайларындағы екі жаңа ғимаратта Көкшетау тұрғындары 65 пәтерге ие болды. Бақыттылардың қатарында 13 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 15 көп балалы отбасы, 24 халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасы, 13 мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер бар.

Наталья Панасюраның үлкен отбасы 14 жыл бойы баспаналарын күтті. Осы уақыт бойы жалдамалы пәтерлерде тұруға тура келген.

— Төрт баламен бұл өте қиын, өйткені көп балалы отбасына көпшілігі пәтерді жалға бере бермейді. Балаларым кем дегенде 5-6 мектеп ауыстырды. Кеше бізге телефон соғып, пәтер алатынымызды хабарлады. Жаңалық күтпеген жерден келді. Пәтер алғанша әже болатын шығармын деп ойладым! – деді Наталья.

Қазір үлкені 23-те, кенжесі 14-те болған әйел мен балалары төрт бөлмелі пәтерге ие болды.

– Бұл жалдамалы баспана, бірақ біз төлеген ақшамен айына 200 мың теңгеге жуық айырмашылық болып отыр: мұнда айына 15 мыңдай төлейтін боламыз. Сонымен қатар болашақта пәтерді сатып алу және жекешелендіру мүмкіндігі болады. Маған бұл жер қатты ұнады, мен қазірдің өзінде перделер мен жиһаздарды сатып алып жатырмын», — деді әйел.

Мен аз қамтылған отбасы ретінде 16 жыл баспана кезегінде тұрмын. Біз Көкшетауға көшіп келген едік. Мен өзім жетіммін, балалар үйінде өстім. Өмір бойы агроном болып жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде өз үйім болған жоқ. Көкшетауда пәтер жалдап келдім. «Бізге пәтер беретінін білгенде, мен сенбедім», — дейді 85 жастағы Валентина Ермулина көз жасын тыя алмай.

 

Көкшетау қалалық тұрғын үй инспекциясы өкілдерінің айтуынша, үйге барлық коммуникациялар қосылып қойған. Аула құрылысы аяқтала салысымен тұрғындарға орталықтан газдандыру жеткізіледі.

Облыс орталығында тоғыз мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Жыл басынан бері алты тұрғын үй пайдалануға берілсе, оның екеуі Республика күні қарсаңында пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін көпқабатты алты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Көкшетауда барлығы 14 несиелік және алты жалға берілетін үй салынуда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×