Шара еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан 87 мыңға жуық азаматты және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтымақ.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер көлемі өседі. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Құжатта 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалатын әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.
Бұл шара еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтымақ.
Бұл мақсаттарға 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.