Ұлттық статистика бюросы орташа жалақы туралы ақпаратты жариялады.
Сарапшылар бұл статистиканың шындыққа жақын екенін алға тартады, өйткені олар қанша жұмысшының нақты жалақы алғанын есептеген.
Осылайша тізімдегі ең үлкен үлесті – қазақстандықтардың шамамен 36%-ы айына 150-ден 300 мың теңгеге дейін жалақы алатындары құрап отыр.
Он жұмысшының үшеуінің айлық табысы 300-ден 600 мыңға дейінгі соманы құрайды.
Әрбір бесінші адам 70-тен 150 мың теңгеге дейін алады. Сондай-ақ аз жалақы алатындар да бар, олардың саны 1,5 пайызды құрайды.
Ал әрбір жүзден бір қазақстандыққа еңбегі үшін кемінде 1,5 миллион теңге төленеді.
Осылайша біздің елдің орташа тұрғыны 250 мыңнан сәл астам жалақы алады.
Айтпақшы соңғы дәстүрлі есептеулер бойынша орташа жалақы 365 мың теңгеден асты.
Одан әрі сенатор Сұлтанбек Мәкежанов баспанаға мұқтаж қазақстандықтардың тиісті қолдау көрмей отырғанын атап өтті.
Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында депутат орташа жалақысы 365 мың болса да, бір шаршы орта есеппен жарты миллион теңге тұратын баспаналы болу қазақстандықтар үшін өте қиын екенін атап өтті. Сенатордың айтуынша Қазақстанда үй сатып алушылардың 80 пайызы ипотекалық несие алады. Мәкежановты жалға беру нарығындағы жағдай да алаңдатады.
«Өткен жылдың өзінде жалдамалы тұрғын үйдің құны 30%-дан астам өсті. Мәселен Алматыда баспананың шаршы метрінің орташа құны шамамен 5 мың теңгені құрайды. Ауданы 40 шаршы метрді құрайтын пәтердің жалдау бағасы шамамен 200 мың теңгені құрайды. Бұл өте жоғары шығын, бұл да халықтың қарызының өсуіне себеп болады», — деді депутат.