Now Reading
Кедергісіз орта: Қарағанды облысында 14 қызмет инватакси қызметін көрсетеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Кедергісіз орта: Қарағанды облысында 14 қызмет инватакси қызметін көрсетеді

Кедергісіз орта: Қарағанды облысында 14 қызмет инватакси қызметін көрсетеді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық қалалар мен аудандарда инватакси қызметін көрсетуді тапсырды. Бүгінде бұл мәселе екі аудан Ақтоғай мен Шетте ғана шешімін таппай отыр. Олар инватаксиге ақша бөліп, бірнеше рет конкурс жариялағанымен, жеткізушілер табылмаған.

Ермағанбет Бөлекпаев мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалық мәселелеріне арналған жиын өткізді.

– Бүгінде облыста 55 360 мүгедіктігі бар жан болса, оның 4 898-і балалар. Оларға портал арқылы оңалту құралдары мен қызметтер көрсетіледі. Биыл бұл мақсаттарға 7,6 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру жыл сайын артып келеді», – дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Оның айтуынша облыстың 11 қаласы мен ауданында инватакси бар, бұл қызметті 14 қызмет көрсетеді, барлығы 71 автокөлік жұмылдырылған.

Әсем Жүніспекова аутизм спектрі бұзылған, Даун синдромымен және церебральды сал ауруымен ауыратын балалар енді Инватаксиді пайдалана алатынын айтты. Бұрын бұл балаларға мұндай қызмет көрсетілмейтін.

– Инватакси жұмысын үнемі бақылауда болу керек. Бұл өте өзекті мәселе», — деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Ақтоғай және Шет аудандарында келесі жылдан бастап қызмет көрсетудің барлық мүмкін болатын жолдарын жасау керек.

Бұған дейін психикалық ауытқуы бар балалардың ата-аналары санаториялық-курорттық емделуге көмек сұраған. Бұл мәселе шешілді. Сондай-ақ 1-ші топтағы мүгедектігі бар жандардың бірге жүретін серіктерінің санаторийлерде тұру шығыны да жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.

Кездесуде мүгедектігі бар жандарға кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ермағанбет Бөлекпаев нысандардың қолжетімділігін жасау бойынша қалалар мен аудандардың рейтингін енгізуді ұсынды.

– Қолжетімді орталарға қатысты әлі де көп мәселелер бар. Мұны мойындап, түзету керек», — деді облыс әкімі.

Ол Қарағанды әкімінен жерасты өткелдеріндегі жұмыс істемейтін көтергіштерді қосуды талап етті. Олардың қауіпсіз жұмысын бейнекамералар арқылы бақылауға болады. Ермағанбет Бөлекпаев Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының бассейніне лифт орнату қажеттігін де атап өтті.

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×