Қазақстанда 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен 75,9 млрд теңге бөлінді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК-тің негізгі мақсаты ақшалай төлемдер түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару болып табылатынын хабарлады.
АӘК нені қамтамасыз етеді?
Табысы облыстық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын азаматтарға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау;
— 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасы балаларына әр балаға 1,5 АЕК (5175 теңге) мөлшерінде қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемді қамтамасыз ету. 2023 жылы АӘК алушылар арасынан 186,8 мың мектеп жасына дейінгі балаға 7,2 млрд теңге сомасында қосымша төлем тағайындалды;
—жұмыспен қамту арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, өз ісін ашуға ынталы отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жолдама беру (қажет болған жағдайда) және т.б.
Қазақстандықтар АӘК тағайындау үшін мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере алады.
Бұған дейін Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізілгені белгілі болды.