13 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мүгедектігі бар адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен жәрдемақылардың ұсынылып тұрған өзгерістері туралы айтып берді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы көрсеткішіне үлкен көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Есептердің өзгеруіне байланысты депутаттың айтуынша, ең төменгі жалақы өседі.
«Біз ең төменгі күнкөріс деңгейі мәселесін көтергіміз келеді. Көптеген төлемдер ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты, сондықтан бұл жерде ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы ойлану керек. Мүгедектік бойынша және басқа да қорғалатын санаттағы азаматтарға берілетін жәрдемақылар. Егер Біз I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар туралы айтатын болсақ, мұнда, әрине, I топ үшін 90 мың теңге бүгінгі күні мүлдем жеткіліксіз». Асхат Аймағамбетов
Бұл ретте Асхат Аймағамбетов ең төменгі жалақы мөлшері экономиканың өсуіне және бюджеттің кіріс бөлігіне байланысты болатынын атап өтті.