Now Reading
Joltap: Астанада 10 мың тұрғынды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарланып отыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Joltap: Астанада 10 мың тұрғынды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарланып отыр

Joltap: Астанада 10 мың тұрғынды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарланып отыр

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Астанада JOLTAP жобасы іске асырылуда. Бұл елорда тұрғындарына өз табысын арттыруға мүмкіндік береді. Оның қатысушылары мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады, оқудан өтіп, өзіне лайықты жұмыс таба алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

«Жобаны елорда әкімдігі бастамашылық етті және оны іске асыру үшін оның барлық құрылымдары, сондай-ақ жобаның бірлескен операторы болған «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының күштері жұмылдырылды. JOLTAP-тың негізгі мақсаты — халыққа қолдау шаралары бойынша кеңес беру, жұмысқа орналасу және тұрақты табыс табу алдында практикалық дағдыларды тегін оқытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ өз ісін ашу арқылы кірісті арттыру мүмкіндіктерін таңдауға көмектесу. Бұл жобада өңірлерден келген жұмыссыздарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге ерекше назар аударылады. Жалпы, жоба тиімді экожүйе болып саналады, онда әрбір адам өзіне мүмкіндіктер таба алады», — деді жоба жетекшісі, Астана әкімінің кеңесшісі Дана Жүнісова.

 

Жобаға қатысушылар 14 мамандық бойынша тегін оқытылады, 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес береді, атаулы әлеуметтік көмек алуға және бизнес ашу үшін өтінім беруге жәрдемдеседі.

 

Жобаның бірінші кезеңінде елордада адамдар көп жиналатын орындарда 10 «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункті орнатылып, іске қосылды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 9 мыңнан астам қала тұрғыны осы модульдік пункттерде кеңес алды, үш мың адам әкімдік басқармаларына мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім берді. Екінші кезеңде қысқа мерзімді оқытудың екі бағдарламасы ұйымдастырылды. Жұмыс мамандықтары бойынша (бариста, Сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші, сәнгер-конструктор, электр газбен дәнекерлеуші) және цифрлық дағдылар (таргет, SMM, бейнемонтаж, маркетплейстер, мобилография, графикалық дизайн, веб-дизайн, негізгі цифрлық дағдылар).

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×