Биыл еліміз мұғалімдер мен дәрігерлерге мұқтаж болады.
Еңбек ресурстары орталығы өз болжамын Қазақстан еңбек биржасының деректер базасына сүйене отырып жасады.
Болжам бойынша 2024 жылы ең көп сұранысқа ие білім беру саласының қызметкерлері болады. Елімізде тарих, экономика, мәдениеттану және басқа да әлеуметтік ғылымдардан сабақ беретін 31 мың мұғалім қажет. 20 мың бастауыш сынып мұғалімдері жетіспейді. Жаратылыстану, жаратылыстану тарихы, қоршаған ортаны қорғау және математика ғылымдары пәндеріне де осыншама дерлік мұғалімдер қажет.
Елге медицина қызметкерлері де қажет. Әсіресе фельдшерлер, акушерлер мен медбикелер. Оларға 23 мың жұмыс орны қарастырылған. Бухгалтерлерге 15 мың бос орындар бар. Қазақстанда аспаздар да сұранысқа ие, бірақ айтылып кеткен мамандықтармен салыстырғанда сұраныс төменірек.