Now Reading
«JOLTAP» мүмкіндіктері: Астаналықтар мобилограф мамандығын бір апта ішінде үйрене алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «JOLTAP» мүмкіндіктері: Астаналықтар мобилограф мамандығын бір апта ішінде үйрене алады

«JOLTAP» мүмкіндіктері: Астаналықтар мобилограф мамандығын бір апта ішінде үйрене алады

Елордада жұмыссыз азаматтарға жұмыс тауып, материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «JOLTAP» жобасы жалғасуда.

 

Бүгінде жоба аясында 2 мыңнан астам елордалық түрлі мамандық бойынша оқыту курстарынан өткен. Ал оқыту бағдарламалары еңбек нарығының сұраныстарына сүйене отырып жасалған. Мәселен, бүгінгі заманауи мамандық мобилографияны да жоба арқылы тегін оқуға болады.

 

Бұл мамандықты игергендер смартфон арқылы сәнді фото, видео түсіріп, өңдей алады және дайын контент жасай алады. Ал нарықта бұл мамандардың өнімдеріне қызығушылық танытқандар көп. «JOLTAP» жобасының «Мобилография» курсының оқытушысы Кәмшат Қапардың айтуынша, әлеуметтік желілердің маңыздылығы артқан сайын SMM және мобилограф мамандығына сұраныс артады.

 

«Мен бұл салада 3 жылға жуық жұмыс істеп келемін. Мен негізінен SMM мобилографы болып жұмыс істеймін. Менің негізгі мамандығым заңгер, бірақ бұл мамандыққа қызығушылық танытып, қазіргі таңда хоббиімді негізгі мамандығыма айналдырдым деп айтсам болады. Себебі маған фото-видео түсіру және күнделікті әлеуметтік желіде белсенді болған ұнайды. Жалпы қазір ақпараттық заман болғандықтан, адамдардың көбі әлеуметтік желіде белсенді болып келеді. Соған сай қазір SMM мен мобилограф мамандығына сұраныс артып келеді», — деді елордалық оқытушы.

 

Алты күндік «Мобилография» курсында мамандыққа кіріспе, монтаж, заманауи бейнетүсірілім сияқты теориялық және практикалық сабақтар өтеді. Кәмшат Қапар өз сөзінде курс барысында тәжірибеге көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

 

«Өзім әлеуметтік желіде белсендімін. Әрқашан мамандық бойынша блог жүргізіп, өзімнің оқушыларымның жетістігімен бөлісіп отырамын. Содан да болар, маған «JOLTAP» жобасына оқытушы болу туралы өтініш түсті. Жалпы мобилография курсы 6 күндік оқудан тұрады. Алғашқы сабақ «Мобилографияға кіріспе» деп аталды, онда осы мамандық туралы теория негізінде түсіндіремін. Сосын фототүсірілім бойынша тәжірибе болады. Екінші күні видео түсірудің қыр-сырын үйретемін. Оқыту курсында практикаға көп мән беріледі. Монтаж жасау әдіс-тәсілдеріне де бір күн тоқталамыз. Онда монтаж жасауға арналған қосымшыларға тоқталып, сабақ барысында монтаж жасаймыз», — деді ол.

 

Курс сонымен қатар студенттерге әсерлі және заманауи тренд бейнелерін түсіруді үйретеді. Курстың соңғы сабағы «монетизация» деп аталады. Яғни, осы салада жұмыс істегісі келетін жандар үшін жұмысқа қалай орналасуға болады, олар жеке тапсырыс бойынша фото және бейне түсірілімді ұсынуға болатын бағаны айтады.

 

«Курстың соңғы күні студенттер тест тапсырып, портфолио қорғайды. Фотосуреттер мен бейнелер де көрсетіледі. Егер барлық тапсырмалар жақсы орындалса, біз курсты аяқтағаны туралы сертификат береміз. Қазір мобилография бойынша 450-500 адам оқытылды. Оның ішінде 300-ге жуық шәкіртке сабақ бердім. Жалпы, адамдардың бұл курсқа деген қызығушылығы өте жақсы деп айта аламын. Студенттердің басым бөлігі кәсіпкер болғысы келетіндер, декреттік демалыстағы аналар мен студенттер», — дейді маман.

 

Биыл елордада аталмыш жоба аясында мыңдаған тұрғынды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарлануда.

 

«Мен өзім бұл жобаның жанкүйерімін деп айта аламын. JOLTAP жобасы жұмыссыздарға үлкен мүмкіндіктер береді. Жоба аясында заман талабына сай түрлі курстар бар. Сіз өзіңізге ұнайтын курсты таңдап, тегін оқи аласыз. Мысалы, «Мобилография» курсын айтатын болсақ, бұл мамандықты басқа жерде оқыту 150-200 мың теңге тұрады. Ал мұнда барлығын тегін оқып, сосын жұмысқа тұруға болады. Сондықтан жұмыссыз жүрген азаматтарды JOLTAP жобасына шақырамыз», – дейді Кәмшат Қапар.

 

Қатысушыларға таңдау үшін 14 мамандық ұсынылатынын ескеріңіз. Ал оқу бағдарламалары мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға дейін қысқа мерзімде практикалық дағдыларды беруге бағытталған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×