Now Reading
Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы іздеуге 500 адам жұмылдырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы іздеуге 500 адам жұмылдырылды

Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы іздеуге 500 адам жұмылдырылды

Ақтөбеде жоғалған ерекше баланы іздеуге 500 адам жұмылдырылды, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша 13 жастағы Кәрім Жетірудың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жоғарыда айтылғандай бала аутизммен ауырады.

«Баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылған, оның ішінде полиция, төтенше жағдайлар қызметі, қызметтік иттер мен 40 техника бар. Оған үш квадроцикл, екі қайық, бірнеше жылқы тартылып, дрондар қолданылуда», — дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралармен бір мезгілде үйлердің барлық шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар тексерілуде. Далалар оның ішінде орманды алқаптар түгел тінтілуде.

«Сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру орындары, дүкендер мен сауда орталықтары бақылауға алынып, кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды», — деп хабарлады облыстық полиция.

Аутизм дертіне шалдыққан бала 4 маусым күні атасы мен әжесі тұрған жеке үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен. Туыстары әлеуметтік желілерде баланың ауладан іш киім мен жейдемен шыққан видеосын жариялаған. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×