Now Reading
Балалар экскурсиялық пойызы Қазақстан бойынша жолға шығады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Балалар экскурсиялық пойызы Қазақстан бойынша жолға шығады

Балалар экскурсиялық пойызы Қазақстан бойынша жолға шығады

«Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық пойызы жолға шығады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

– 2016 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық пойызының жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда бұл жоба 2320 баланы қамтыды, деп хабарлады министрлік.

Басқарманың айтуынша «Туған елге саясат» — патриоттық жоба болып табылады.

Жоба аясында пойызбен саяхаттаған балалар Қазақстан қалаларының тарихи ескерткіштерімен және көрікті жерлерімен танысады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық жобаларының халықаралық форумында корпоративтік қайырымдылық аясында үздік деп танылды.

«Туған елге саясат» жыл сайын жүзеге асырылады, тек 2020-2021 жылдары коронавирустық пандемияға байланысты жоба тоқтатылған болатын.

– Жазғы оқу-туристік пойыздың алғашқы рейсі 27 маусымда жолға шығады. 12 күн ішінде балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр қалаларындағы танымал, мәдени және тарихи орындарды аралайды. Экскурсиядан басқа тәлімгерлер мен мұғалімдер саяхат бойы студенттермен жұмыс істейді. Сондай-ақ қызығушылық топтары, зияткерлік және спорттық ойындар және басқа да ойын-сауықтар болады.

Экскурсияның екінші рейсі 24 шілдеге жоспарланған. Әлеуметтік жоба екі маусымға есептелген. Олардың әрқайсысына көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан 10-15 жас аралығындағы 200 бала қамтылады. Осы жолы су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың балаларына басымдық беріледі, деп түсіндірді министрлік.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×