Now Reading
Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек беру тәртібі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек беру тәртібі

Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек беру тәртібі

Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек беру тәртібі

Назар аударыңыздар!

 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 23 тамызына (қоса алғанда) дейін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елорданың жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу ақысын төлеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдайды.

 

Жыл сайын Астана қаласының орта мектептерін бітірген түлектер:

• жетім балалар;

• балалар үйінің түлектері;

• бала жасынан мүгедектігі бар адамдарға;

• ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

• асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар.

• көп балалы отбасының балалары (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін ағымдағы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты) Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу мақсатында көмекке жүгіне алады.

Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие 36 мамандықтар бойынша жүзеге асырылады оның ішінде педагогикалық, техникалық, медициналық және т.б.

 

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Басқармаға мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:

 

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

4) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);

5) туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

6) Астана қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат;

7) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.

8) екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×