Қызылорда облысындағы әлеуметтік орталықтан мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек табылды
Орталық қызметкеріне айыппұл салынды.
Қызылорда облысының әлеуметтік орталығында сақтау мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер сақталып келгені анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.
Омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша өкілі облыстық №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды. Іссапар барысында орталықта жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек сақталатыны анықталды.
Сапар қорытындысы бойынша омбудсмен өкілі тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады. Орталық қызметкеріне айыппұл салынды.
Айыппұл толығымен төленді, бірақ баспасөз қызметі нақты соманы айтпады.