Now Reading
Алматыда мүгедектігі бар азаматқа көлік тұрағын төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда мүгедектігі бар азаматқа көлік тұрағын төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынды

Алматыда мүгедектігі бар азаматқа көлік тұрағын төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынды

 

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматыдағы өкіліне 2 топ мүгедектігі бар азамат хабарласқан.

— Өтініш берушінің үйінің жанындағы аумақта оның кіреберісіне іргелес ақылы автотұрақ орнатылған. Өтініш беруші денсаулығының ерекше қажеттіліктері бар адам болғандықтан, ол көлігін кіреберістің жанына қоюға мәжбүр болады, бірақ видеобот оған тұрақ ақысын төлемегені үшін автоматты түрде айыппұл салған. Аталмыш азаматқа қатысты барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлады Уәкіл.

Омбудсмен өкілінің бастамасымен бұл мәселе әкімдік пен «Алматы паркинг» компаниясының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша әкімшілік өкілдері мәселені 3-тоқсанның соңына дейін шешіп, ғимарат тұрғындары үшін көлік тұрағын тегін етуге уәде берді.

Сондай-ақ Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына арызданушының құқық бұзушылықтарын одан әрі жою туралы хат жіберілді. Атқарушылық өндірістің күшін жою туралы ЖСО Республикалық палатасына да қаралды.

Бүгінгі күні арызданушыға қатысты барлық ұйғарымдардың күші жойылып, бұрын атқарушылық іс-әрекеттер аясында өндіріп алынған ұсталған сома банк шотына қайтарылды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...