Now Reading
Астанада паралимпиадашыларға фотокөрме арналды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада паралимпиадашыларға фотокөрме арналды

Астанада паралимпиадашыларға фотокөрме арналды

Астанада паралимпиадашыларға фотокөрме арналды

Парижде өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында Астанада фотокөрме ашылды. Көрме гандиспортқа арналды.
Елордадағы Атырау көпірі елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарының бірі. Сондықтан мұнда паралимпиадашыларға арналған фотокөрме ашылды.
Төртжылдық ойындарда Қазақстанның намысын қорғау үшін Парижге 32 параспортшымыз аттанады. Олардың қатарында параканоэдан Азия чемпионы Жаңыл Балтабаева да бар.
Жаңыл Балтабаева, параканоэшы:
— Екі олимпиадаға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Ал Қазақстанның атынан шығу мен үшін үлкен мәртебе.
Көрме екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде параспортшылардың портреттері, екіншісінде қозғалыстағы спортшылар бейнеленген. Барлығы 50 фотосурет бар.
Дидье Канессе, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
— Паралимпиадалық спортшылар көбіне көлеңкеде қалады. Олар лайықты бағасын алуы үшін біз бұл көрмені оларға арнағымыз келеді.
Марат Қаскербаев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс басқармасының басшысы:
— Бұл шара мұндай ауқымда алғаш рет өткізіліп отыр. Еліміздің халқы батырларын көзбен көріп таниды деп ойлаймын. Көрме бір ай бойы – 14 тамызға дейін ашық болады. Оны Франция елшілігі, Ұлттық паралимпиада комитеті, Астана әкімдігі және мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Армангүл Әліпбаева, Астана қаласының тұрғыны:
— Фотографтардың өз эмоцияларын қаншалықты жақсы жеткізгеніне таң қалдым. Спортшылардың өздері ғажап, олардың көздерінен сондай күшті сезінесің.
Бұған дейін Токиода өткен Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алған болатын. Алдағы ойындарға деген ынта керемет.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×