Now Reading
Өңірлерде балаларды скринингтермен қамтуды арттыру қажет-Денсаулық сақтау министрлігі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Өңірлерде балаларды скринингтермен қамтуды арттыру қажет-Денсаулық сақтау министрлігі

Өңірлерде балаларды скринингтермен қамтуды арттыру қажет-Денсаулық сақтау министрлігі

Өңірлерде балаларды скринингтермен қамтуды арттыру қажет-Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппараттық кеңесінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы балалар скринингінің қорытындылары қаралды.

Биылғы жылдың алты айында елімізде 182 560 бала дүниеге келсе, оның 97 пайызы неонаталдық скринингпен қамтылған.

Салмағы 2500 грамнан аз 9075 жаңа туған нәрестенің 95%-ы офтальмологиялық тексеруден өтті. Медициналық себептер бойынша алғашқы 48 сағатта 240 балаға хирургиялық емдеу жүргізілді.
Кондуктивті және сенсорлық есту қабілетінің жоғалуын анықтауға бағытталған аудиологиялық скринингпен 169 мың жаңа туған нәресте қамтылды.

Кездесу барысында балалар скринингінің тиімділігін төмендететін мәселелер айтылды. Мәселен, Алматы қаласында балалар скринингін жүргізудің әлсіз бақылануы, мониторинг пен талдаудың болмауы, сондай-ақ босандыру және балалар ұйымдарының жеткіліксіз жарақтандырылуы атап өтілді. Алматы және Маңғыстау облыстарында жабдықтармен жарақтандырудың жеткіліксіздігі, скринингпен қамтудың төмендігі және нәтижелерді бақылау мен талдаудың болмауы байқалады. Атырау, Алматы және Ақмола облыстарында инвазивті диагностика әдістері енгізілмеген және жүргізілмейді.

Сонымен қатар, республика бойынша биылғы жылы жүкті әйелдерді ерте диагностикамен қамту, әсіресе жүктіліктің 12 аптасына дейінгі ультрадыбыстық және биохимиялық скринингке қатысты төмендегені байқалады.

Денсаулық сақтау министрі жүкті әйелдерді ерте диагностикалауды жақсартудың және пренаталдық скринингтің тәсілдерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

«Болашақ ұрпақтың денсаулығы жүктіліктен көп бұрын басталады. Жаңа туылған нәрестелердегі генетикалық ауытқулардың қаупін азайту және балаларымыздың дені сау болашағын қамтамасыз ету үшін ерте диагностика мен скринингтік тексеруді жетілдіру маңызды», — деді министр Ақмарал Әлназарова.

Отырыс қорытындысы бойынша басқарма басшысы балалар арасындағы ауруларды болжау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін скринингтерге білікті пренатологтарды тартуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ босандыру және бала күтімі ұйымдарын жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін халықты скринингтік тексеру және олардың денсаулығын бақылау жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×