Үкімет қаулысымен Асқар Биахметов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», — деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол 2023 жылдың ақпанынан бастап Үкімет аппараты басшысының орынбасары болды. 2020-2023 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.