Now Reading
Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитеті «Рухы күшті жандар» фотокөрмесін ұйымдастырды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитеті «Рухы күшті жандар» фотокөрмесін ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитеті «Рухы күшті жандар» фотокөрмесін ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитеті «Рухы күшті жандар» фотокөрмесін ұйымдастырды

Парижде XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті «Рухы күшті» халықаралық фотокөрмесін ұйымдастырды. Ол Almaty Esentai Mall сауда орталығының аумағында орналасқан.
Көрмеге екі фотограф, астаналық Оспан Әли мен француз Дидье Эшлар түсірген 25 фото жұмысы қойылған. Көрме қазақстандық пара-спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылардың портреттерінен тұрады. Олардың көпшілігі 2024 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Парижде өтетін XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан қатысу құқығын алды.
Фотосуреттер ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің бастамасымен Астана, Тараз және Қарағанды қалаларында түсірілген. Алматы көрмесі осы жылдың шілде айында Астанада Атырау көпірінде өткен Оспан Әли мен Дидье Эшлар көрмесінің қысқартылған нұсқасы болды, онда 50 фотосурет жұмысы қойылған. Екі көрме де ауыр өмірлік қиындықтарды еңсерген қазақстандық спортшыларға арналған. Сонымен бірге бұл жандар ең жоғары спорттық жетістіктерге жету жолында керемет табандылық көрсетеді.
«Мен үшін көрмеде портреттерін көрген қазақстандық спортшылармен кездесіп, фотосуретке түсіру үлкен мәртебе болды. Олардың батылдығы мен қайсарлығы үлкен әсер қалдырды. Мен Париждегі Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылармен қайта кездесу мүмкіндігін асыға күтемін», – деді Дидье Эхлар.
Алматы вернисажының қатысушылары фотопортреттердің кейіпкерлері мен олардың жаттықтырушылары болды. Олардың қатарында пауэрлифтингтен 2021 жылы Токиода өткен Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев, 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларға штандарт алып жүрген пара атқыш Севда Алиева, мүгедектік арбасындағы спортшылар командасы, отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасының мүшелері және басқа да көптеген спортшылар бар.
Пара-спортшылар атынан 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Паралимпиада ойындарында жүзу мен пауэрлифтингтен алтын және күміс медаль иегерлері Зульфия Ғабидуллина мен Раушан Қойшыбаева жұртшылықты құттықтады. Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дидье Канесс қазақстандық паралимпиадашыларға жаңа жеңістер тілеп, алдағы Париж жарыстарында оларға жанкүйер болуға уәде берді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің мәліметінше, Парижде өтетін XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан 44 спортшы қатысады. Оның 12-сі отырып ойнайтын волейбол командасы құрайды.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары көпшілікпен әңгіме дүкен құрып, жұртшылықтың көптеген сұрақтарына жауап берді және суреттерге түсті. Көрменің ашылу салтанатына көрмеге қойылған жұмыстардың тең жартысының авторы Оспан Әли: «Мені паралимпиадашылар шабыттандырады. Шектеулеріне қарамастан, олар өмірде сынбай, керісінше, олар шыңға ұмтылуда. Менің мақсатым олардың мақтанатын, өршіл және сонымен бірге қарапайым адамдар ретіндегі бейнелерін жеткізу болды».
Жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленген спортшылардың қатарында астаналық, суда жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев болды. Екі қолының жоқтығына қарамастан, ол спортта өзін танытты және өзінің жаттығатын бағыты — көбелекпен жүзуден 50 метр қашықтықта тамаша жетістікке жетті. 2018 жылы Джакартада өткен Паралимпиада Азия ойындарында Сиязбек Далиев алтын медаль жеңіп алды. Токиода өткен XVI Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып, 5-орынға ие болды.
Парижде ол жеңіс тұғырына көтеріліп, «Қазақстанның туын барынша биікте көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын» деп үміттенеді. Сонымен қатар Сиязбек Далиев бейімделген таэквондодан қазіргі әлем чемпионы. Елордадағы «Барыс Арена» бассейнінде Дидье Эшлар жасаған Сиязбек Далиевтің портреті көрмедегі ең кереметтердің бірі болды.
«Міне, мен секіруге дайындалып жатырмын, старт сигналын күтіп тұрмын!» – дейді Сиязбек Далиев. – Француз фотографымен фотосессия бір жарым сағатқа созылған оңай процесс болған жоқ. Көптегентүсірілімдер әртүрлі позициялардан жасалды. Мен суға секірдім, жүздім, стартқа түсіп, судан шықтым. Нәтижесінде байқаудың рухын жақсы жеткізетін кадр таңдалды. Мен басқа паралимпиадашыларды жігерлендіру үшін суретке түсуге келістім, осылайша бұл жүзуді таңдаған спортшылардың болашақ ұрпақтарына беріледі. Денсаулыққа ғана емес, елге де пайдасын тигізетін бұл спорт түрінің тынысын халық көруі үшін. Фотокөрме әсерлі, өте мотивация береді және тек бізге, спортшыларға ғана емес, барша қазақстандықтарға үлкен қуат береді. Бұл фотосуреттерді көрген адамдар көп нәрсені істеуге шабыттанады, белгілі бір мақсаттар қояды және өмірде көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын түсінеді!»

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×