Now Reading
А. Сарбасов ШҚО-да еңбек ұжымдарымен және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен кездесті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > А. Сарбасов ШҚО-да еңбек ұжымдарымен және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен кездесті

А. Сарбасов ШҚО-да еңбек ұжымдарымен және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен кездесті

А. Сарбасов ШҚО-да еңбек ұжымдарымен және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының қызмет алушыларымен кездесті. Кездесу барысында ол еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін талқылап, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы айтты.

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының екінші күні Ақмәди Сарбасов Риддер қаласындағы «Қазцинкмаш» ЖШС-на барды, онда бүгінде 1 мыңнан астам жұмыскер жұмыс істейді. Кәсіпорын тау-кен-шахта, байыту металлургиялық жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді өндіруге маманданған. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге бірінші вице-министр Глубокое ауданындағы «Зимовьев арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ жұмысымен танысты, ол стационар жағдайында мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің саналуан түрлерін көрсетеді.

Республикада әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 1 мыңнан астам ұйым жұмыс істейді, оның 67-сі Шығыс Қазақстан облысында екенін айта кетейік.

Орталық ұжымымен, сондай-ақ қызмет алушылармен кездесу барысында Ақмәди Сарбасов Әлеуметтік кодексте көзделген мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың бірқатар қосымша шараларын енгізуге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Менталды бұзылыстары балаларға арналған санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну бойынша пилот іске қосылды, 1 топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілері үшін зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар аударылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін ересектер мен балаларға арналған 12 оңалту орталығын салу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы оңалту орталықтары Семей және Тараз қалаларында ашылған. Биыл Кентау, Ақтөбе және Орал қалаларында құрылыс аяқталады деп күтілуде. Көкшетау мен Атырауда 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар еліміздің алты өңірінде аутизм спектрі бұзылған және өзге де менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталықтары ашылды», – деді вице-министр.

Жұмыс сапарының соңында Ақмәди Сарбасов майлы дақылдарды өңдеуге маманданған Глубокое ауданының Предгорное кентіндегі «Altyn Shyghys» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорында 400-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Еңбек ұжымымен кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×