Now Reading
АӨСШК волонтерлері инклюзивті тәсілдерді талқылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > АӨСШК волонтерлері инклюзивті тәсілдерді талқылады

АӨСШК волонтерлері инклюзивті тәсілдерді талқылады

Асқарбек Ертаев АӨСШК волонтерлік қозғалысының жетекшілерін Қазақстандағы әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік қызметі туралы хабардар етті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (бұдан әрі – АӨСШК) Жастар кеңесінің қолдауымен өткен волонтерлік қозғалыс көшбасшыларының слетіне қатысты. Ол Қазақстандағы әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік қызметтің негізгі тәсілдері туралы хабардар етті.

Халықаралық іс-шара барысында волонтерлік қызмет, сондай-ақ аймақта бейбіт қатар өмір сүру және ынтымақтастық мақсатында мәдениетаралық түсіністікті дамыту және қатысушылар арасында сенім орнату бойынша идеялар, тәжірибелермен алмасу болды.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларды өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетудің негізгі бағыттарының бірі ретінде әлеуметтік волонтерлік туралы хабардар етті. Инклюзивті волонтерлік халықтың барлық әлеуметтік топтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған осы жұмыстың маңызды бөлігіне айналуда.

«Әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік – әділ және ынтымақты қоғам құрудың ең маңызды құралы. Азаматтарды волонтерлік қызметке, әсіресе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарту көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, халықтың ең осал топтарын белсенді қолдау және оңалту үшін жаңа жағдайлар жасайды» — дейді Асқарбек Ертаев.

Ол сондай-ақ волонтерлік қызметтің табысты болуы көбінесе халықтың барлық әлеуметтік топтарының жеке қажеттіліктерін қаншалықты ескере алатынымызға байланысты екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп 2025-2030 жылдарға арналған Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Оның басты мақсаты – Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту. Концептуалды инновация – еліміздегі мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқықтық моделіне көшу» Асқарбек Ертаев

АӨСШК волонтерлерінің кездесуі Астанада екі күн – 3 және 4 қазанда өтеді. Шара аясында тақырыптық панельдік сессиялар мен тренингтер ұйымдастырылуда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×