Оларға сурдоаудармасы бар қолөнер бағдарламалары кіреді.
Skills Enbek-тегі бірнеше курс әлеуметтік осал қазақстандықтар үшін тегін болады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы мақсатта платформада «Әлеуметтік» қойындысы жасалды. Оған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өз мәртебесін растаған азаматтар кіре алады.
«Жаңа бөлімде киіз басу және тігін тігу сияқты қолданбалы мамандықтар бойынша сурдоаударма, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік білім беру саласындағы дағдылар бойынша бірнеше курстар қамтылған», — делінген хабарламада.
Skills Enbek халықаралық білім беру платформаларының қазақша баламасы іске қосылғаннан бері 600-ден астам курстарды өткізді.