Алдағы уақытта Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің қағаз рецептісінен мүлдем бас тартуды жоспарлап отыр.
Созылмалы дертке шалдыққан қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмек алу үшін дәрігерге бармайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.
Бұл қызметті іске асырылған «әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асыруға болады. Пилоттық режимде пациенттер тағайындалған дәрілерді QR кодтары арқылы алады. Оспановтың айтуынша, алдағы уақытта динамикалық бақылаудан өтіп, тегін дәрі-дәрмек алатын емделушілер жаңа рецепт алу үшін үнемі дәрігерге барудың қажеті жоқ.
«Дәрігер рецептті қашықтан жаңарта алады, бұл пациенттің жеке eGov шотында көрсетіледі және пациент дәріханаға келіп, осы немесе басқа дәріні ала алады. Бұл мәселені «әлеуметтік әмиянды» әзірлеушілермен бірге жылдың соңында аяқтаймыз», — деп түсіндірді вице-министр.
Оның айтуынша, алдағы уақытта Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің қағаз рецептісінен мүлдем бас тартуды жоспарлап отыр. Ол үшін департамент қазіргі уақытта оннан астам ақпараттық жүйелерді біріктіруді қамтамасыз етуі керек.