Now Reading
Астанада қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен мүгедектігі бар жандар марапатталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен мүгедектігі бар жандар марапатталды

Астанада қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен мүгедектігі бар жандар марапатталды

Астанада Халықаралық мүгедектігі бар жандар күні қарсаңында AMANAT партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектігі бар азаматтар конфедерациясының ұйымдастыруымен «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын XVII марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық қызметте ерекше нәтижелерге қол жеткізген мүгедектігі бар жандарға беріледі, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Марапаттау рәсімін ашқан Мәжіліс Спикері, «АМАНАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы «Жан шуаққа» қатысушылардың барлығы өздерінің табандылығы мен патриоттық сезімімен жетістікке жеткен жеңімпаздар екенін атап өтті. Соның жарқын мысалы – биылғы Паралимпиада ойындарында ұлттық құраманың өнер көрсетуі, біздің спортшылар Парижде 9 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл жетістіктерді Президент барлық паралимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларын мемлекеттік ордендермен марапаттау арқылы ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында мүгедетігі бар жандарға арналған тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру үшін «Aleumet» қосымшасы іске қосылды, 15 мыңға жуық ерекше қажеттіліктері бар адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында биылдың өзінде 4 мың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысаны мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделгенін атап өтті.

Сонымен қатар 20-ға жуық Парламент депутаты бар Мәжілісте «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобы екінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Олардың жұмысының арқасында мүгедектігі бар азаматтар және мүгедектігі бар балалары бар отбасылар үшін тұрғын үй саясаты туралы заңда тұрғын үйге басым құқықтар қарастырылған, мүгедектігі бар азаматтарды колледжге қабылдау квоталарының саны ұлғайтылғанын айтты.

Биыл Мемлекет басшысы «Инклюзивті Парламент» тобының мүшесі Кенжеғұл Сейітжанды Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындады.

Өз кезегінде Қазақстан мүгедектігі бар азаматтар конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова «Жан Шуақ» марапаттау рәсімі 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын және осы уақыт ішінде 90-ға жуық адам марапатқа ие болғанын атап өтті. Биылғы жылы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ұйымдастыру комиссиясының шешімімен 8 лауреат анықталды.

• «Ерлігі мен жеңіске деген ұмтылысы үшін» сыйлығының иегері Қазақстан тарихындағы тұңғыш пауэрлифтингтен екі дүркін Паралимпиада чемпионы, Давид Дегтярев болды.

• «Ғылымның дамуына қосқан үлесі, білім беру қызметі, білімге ұмтылғаны үшін» номинациясы бойынша шымкенттік Ербек Бакиев марапатталды. Бес жыл бойы «Отырар» телеарнасында «Ерекше жандар» бағдарламасының жүргізушісі болып, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығы мен жетістіктерін насихаттады.

• «Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Алматы облысы, М.Түймебаев ауылынан Жеңісгүл Дәулетова марапатталды. Ол 20 жылға жуық көрпе, жастық және қазақтың ұлттық киімдерін тігумен айналысқан атақты қолөнер шебері.

• «Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қоғамдық сананы оңды өзгертуге қосқан үлесі үшін» статуэткамен қоғам қайраткері, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бұқаралық жүгірістің қатысушысы және ұйымдастырушысы — астаналық Нұрлан Сыздықов марапатталды.

• «Өнер саласындағы ерекше жетістіктері үшін» номинациясы бойынша семейлік Абылайхан Асылбай жеңімпаз деп танылды. Абылайхан — зергер және сүйек зергері, EXPO 2017 сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің республикалық байқауының финалисті.

• «Мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері үшін» сыйлығының иегері Петропавл қаласының «Сенситив» саңырау бишілер театрының шығармашылық ұжымы болды. Солтүстік қазақстандық ансамбль 18 жыл бойы еңбектеніп, осы уақыт ішінде Қазақстанға ғана емес, әлемдік аренаға да танымал болды. Биыл Францияда өткен халықаралық фестивальде «Сенситив» Канн шығармашылық өнер фестивалінде үздік хореографиялық топ болып танылды.

• «Спорт саласындағы ерекше жетістіктері үшін» номинациясында пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласынан Гүлім Құрманбаева жеңімпаз атанды.

• Қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін Иран Омарбекова атындағы қордың арнайы наградасымен қызылордалық блогер Зәуре Өскімбаева марапатталды.

Сондай-ақ әрбір лауреатқа 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табысталды.

Салтанатты шараға қатысушылар мен қонақтар үшін әр жұмыс ерекше қажеттіліктері бар шеберлердің қолынан шыққан бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×