Көкшетаулық Құралай Жұмабекова он жеті баланы тәрбиелеп отыр. Оның 11-і асырап алынған. Үлкендері жоғары білім алып, өз бетінше өмір сүрсе, кішілері балабақшаға енді ғана барады. Құралай Жұмабекова жетім балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін қоғамдық қордың үйлестірушісі.
Құралай Жұмабекова – мамандығы бойынша педагогикалық психолог. 2016 жылы ол «Аналар үйі» қоғамдық қорына жұмысқа келді. Сонымен бірге ол патронаттық тәрбиешілер мектебін де басқарды. Онда тоғыз отбасы оқытылды. Сол жылы Құралай жолдасы екеуі бес баланы асырап алды.
Құралай Жұмабекова, көп балалы ана: — Мен тәрбиелеген осы тоғыз отбасымен бір күні Есіл балалар үйіне барып, оны жаптық. Балалардың барлығын сол жерден алып кетті. Алты айдан кейін Сандықтау балалар үйі жабылды. Балалардың барлығын осылай алып кетті. Біз төрт бала алдық, сосын тағы бір қыз – Виктория келді. Балалар мекемесінде балалар біз отбасында беретін іргетасын алмайтынына тағы да көзім жетті. Жұмабековтер шаңырағында әрқашан бақыт пен өзара түсіністік атмосферасы орнағанын байқауға болады. Барлық балалар анасынан бір қадам да алыстамайды. Әр балаға жылы лебіз, аналық мейірім керек. Өйткені әрбір бала назар аударуды қажет етеді. Ал балалар анаға деген сүйіспеншілігін өзінше білдіреді.
Ринат Көптелов, Қ.Жұмабекованың ұлы:
— Мен оған үнемі көмектесемін. Ауырып қалсы барынша көмектесемін. Бәріміздің басымыз жиналып қалса не тамақ ішеміз, не бір жерге барамыз.
Ерлан Көптелов, Қ.Жұмабекованың ұлы:
— Мен оны бәрі үшін жақсы көремін. Өйткені ол мені өз баласындай қабылдады. Ол мені бәрінен де жақсы көреді, бәрінен де еркелетеді.
Құралай Жұмабекованың айтуынша әрбір жетім бала толыққанды отбасында тұруы керек, ал балалар үйлері жабылуы керек. Өйткені отбасында ғана балаларға үй жылуы мен қамқорлық беріледі. Бірақ сонымен бірге балаларды естеріндегі естеліктерді жоюға болмайды. Олар өздерінің шыққан тегін білуі керек және ата-аналарымен сөйлесуге құқылы деп сенеді көп балалы ана.
Құралай Жұмабекова, көп балалы ана:
— Жалпы мен балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамытуды мақсат тұтамын. Балада руханилық болса, құндылықтар болса, бала бойына басқа да қасиеттерді дамытуға болады. Мен жаман нәрселер туралы мүлдем айтпауға тырысамын. Мен әрқашан олардың дамуы үшін тек жақсы нәрселерді іздеймін. Мен әрқайсысының көбірек нені ұнататынын іздеймін.
Құралай Жұмабекова көп балалы ана ғана емес, азаматтық ұстанымы белсенді әйел. «Бақытты отбасы» республикалық жобасының үйлестірушісі ретінде ол әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын патронаттық отбасына орналастыруға немесе ата-анасымен қауыштыруға көмектеседі.