Now Reading
Skills Enbek: 297 мыңнан астам қазақстандық онлайн-оқытудан өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Skills Enbek: 297 мыңнан астам қазақстандық онлайн-оқытудан өтті

Skills Enbek: 297 мыңнан астам қазақстандық онлайн-оқытудан өтті

Жыл басынан бері 297,4 мың азаматтың ішінде шамамен 47,5 мыңы жұмыссыздар онлайн-оқыту платформасы Skills Enbek арқылы курстарды аяқтап, сертификат алды. Платформа іске қосылғаннан бері жалпы 708,3 мың адам білім алған.

47,5 мың жұмыссыздың ішінде шамамен 13,3 мың адам – жастар. Олардың басым бөлігі Түркістан, Қызылорда облыстарынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан.

Платформа іске қосылған сәттен бастап түрлі бағыттағы 1 000-нан астам курс жарияланды, оның ішінде 340 курс – тегін. Сондай-ақ Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінен курстар ұсынылған. Бұл курстар бойынша білімді әрі қарай әртүрлі білім беру алаңдарында жалғастыруға мүмкіндік бар.

Курстардың ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін.

Тамыз айында ең сұранысқа ие болған курстар:

«Сенің мансаптық бастамаң: «Электрондық еңбек биржасын» қалай пайдалануға болады»,

«Персоналды басқару»,

«Кассир»,

«Сақтандыру агенті»,

«Пішу және тігу».

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да бағыттар бойынша тегін курстардың саны тұрақты түрде артып келеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Платформаның негізгі мақсаты – ел халқының білім деңгейін және кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуды ынталандыру және «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын ілгерілету. Ол халықаралық онлайн-оқыту алаңдарының үлгісімен құрылған, мұнда курстар қызмет нарығының маркетплейс принципімен ұсынылады.

Оқуға қол жеткізу үшін сілтеме арқылы немесе Enbek.kz порталындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау қажет.

Платформада оқушы өзіне ыңғайлы оқу қарқынын, тілін және материалды жеткізу тәсілін таңдайды, оқу барысындағы жетістігін қадағалай алады.

Оқушыға берілетін артықшылықтар: 

• курстарды кеңейтілген іздеу,

• сабақ құрылымының түсініктілігі,

• оқу барысын бақылау,

• авторлармен жедел байланыс.

Пайдаланушылар үшін жасанды интеллектке негізделген чат-бот жұмыс істейді, ол қажетті ақпаратты жылдам табуға және сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Оқу аяқталған соң қатысушы 70%-дан төмен емес нәтижемен тест тапсыруы тиіс. Сәтті аяқтаған жағдайда дағдыны меңгергенін растайтын сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – курсқа баға беру. Сертификатты жүктеген кезде Enbek.kz порталындағы жаңа дағдыларға сәйкес келетін жұмыс орындары ұсынылады.

Алынған сертификат автоматты түрде Enbek.kz сайтында тіркелген түйіндемеге енгізіледі. Жұмыс берушілер жұмысшы іздеу кезінде осы сертификаттарды көре алады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×