Now Reading
Қазақстандықтар үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалар байқауына 1000-нан астам өтінім тапсырды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтар үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалар байқауына 1000-нан астам өтінім тапсырды

Қазақстандықтар үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалар байқауына 1000-нан астам өтінім тапсырды

Қазақстанда «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері мен үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Елдің барлық өңірлерінен барлығы 1041 өтінім түсті.

Енді www.qamqor.enbek.kz онлайн-платформасында өңірлік іріктеуден өткен номинанттарға халықтық онлайн дауыс беру кезеңі басталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болған бұл байқау белсенді мамандар мен инновациялық бастамаларды анықтауға және ынталандыруға, сондай-ақ әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби беделін арттыруға бағытталған.

— Әлеуметтік қызметкер мамандығы – қоғамдағы ең ізгілікті әрі маңызды кәсіптердің бірі. Бұл мамандар күн сайын өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетеді: жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйде қызмет көрсетеді, отбасыларды қолдайды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейді және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосады. Елде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған бұл байқау әлеуметтік қызметкерлер еңбегінің жоғары қоғамдық маңызын айқындап, олардың жанқиярлық қызметіне қоғам назарын аударуға бағытталған, — делінген министрлік хабарламасында.

Өтінім қабылдау науқаны барысында ең белсенділік танытқан өңір – Батыс Қазақстан облысы болды, ол жерден 110 өтінім келіп түсті. Жеті номинацияның ішінде ең танымалы – «Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері» аталымы болып, оған ел бойынша 369 үміткер қатысқан.

ЭЦҚ арқылы әрбір қазақстандық ұнаған кандидатына дауыс бере алатын онлайн дауыс беру 5 қазанға дейін жалғасады. Маңыздысы – дауыс бір рет және тек бір кандидатқа ғана беріледі. Халықтық дауыс беру нәтижелері жеңімпаздарды анықтау кезінде республикалық комиссиямен ескеріледі. Таңдау барысының барынша ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қазылар алқасының құрамына депутаттар корпусының өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері мен әлеуметтік саладағы беделді сарапшылар енеді.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 24 қазанда, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында өтеді және бұл шара осы игі кәсіптің үздік өкілдерін ұлықтайтын жарқын оқиға болмақ.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×