2026 жылғы наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Елдар Күзенбаев Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Елдар Күзенбаев туралы не белгілі
Елдар Күзенбаев 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2003–2004 жылдары — Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің Қарабалық аудандық учаскесінің аға сот орындаушысы.
2004 жылы — Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің Рудный қалалық аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы.
2004–2006 жылдары — Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру және сот приставтары қызметі бөлімінің бастығы.
2006 жылы — Қостанай облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы.
2006–2008 жылдары — Қостанай облысы Әділет департаментінің Қарабалық аудандық әділет басқармасының бастығы.
2008–2010 жылдары — Қостанай облысы Әділет департаментінің Қостанай аудандық әділет басқармасының бастығы.
2010–2013 жылдары — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары.
2013–2018 жылдары — Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкімі.
2018–2019 жылдары — Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.
2019–2021 жылдары — Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2021–2022 жылдары — Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы.
2022–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2023–2026 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.