2026 жылғы 5 қазандағы Үкімет қаулысымен жәрдемақылардың тізбесі және оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттары, сондай-ақ жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау шарттары бекітілді.
Тізбеге 10 жәрдемақы кіреді:
• баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
• бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
• бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында білім алатын, 18 жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейінгі балалар да есепке алынады;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
• мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
• қайтыс болған асыраушысының асырауында болған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
• арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
• мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) тағайындалып, төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
• арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.
Сонымен қатар жәрдемақыларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттары, сондай-ақ жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау шарттары белгіленді.
Жәрдемақылар мен жерлеуге берілетін біржолғы төлем отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау негізінде мұқтаждық қағидаты бойынша беріледі.
Отбасының немесе адамның әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау мынадай жәрдемақыларды тағайындау кезінде қолданылмайды:
• жасына байланысты зейнетақы алушы болып табылатын көпбалалы марапатталған аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны;
• мүгедектігі бар балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны;
• ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға (жетім балаларға) тағайындалатын, қайтыс болған асыраушысының асырауында болған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны;
• жасына байланысты зейнетақы алушы болып табылатын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны;
• арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде.
Мұқтаждық қағидатына сәйкес әлеуметтік әл-ауқат деңгейі жоғары («А» деңгейі) және ауқатты («В» деңгейі) адамдардың жәрдемақыларға, сондай-ақ жерлеуге берілетін біржолғы төлемге құқығы жоқ. Аталған деңгейлер отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесіне сәйкес анықталады.
Жәрдемақылар мен жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындаудың шарты – отбасының кәмелетке толған мүшелерінің және оларды алуға үміткер адамдардың әлеуметтік әл-ауқатты объективті бағалау үшін дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша ай сайынғы төлем, мерзімі өткен немесе қалған берешек сомасы туралы мәліметтерді жинауға және тексеруге келісім беруі.
Жәрдемақы төлемін тоқтата тұруға алушының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау нәтижесінде «А» немесе «В» деңгейіне жатқызылуы негіз болады.
Жәрдемақы төлемдері ай сайынғы объективті бағалау нәтижесінде оны алуға үміткер адамдар әлеуметтік әл-ауқаттың қанағаттанарлық, экономикалық тұрғыдан осал немесе экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгейлеріне жатқызылған кезде қайта басталады.
Бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау шарттары
Аталған жәрдемақыларды тағайындаудың шарты – Әлеуметтік кодекстің 79 және 81-баптарына сәйкес жәрдемақы алуға құқықтың болуы.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемін тоқтата тұру шарттары:
• жәрдемақы алушының жәрдемақыға арналған банктік шотында үш немесе одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
• жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
• жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі;
• жәрдемақы алушының стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда тұруы және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болуы, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда;
• жәрдемақы алушыға қатысты хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін растайтын құжаттың немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы;
• жәрдемақы алушының шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
• жәрдемақы алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемін тоқтатудың шарттары:
• баланың қайтыс болуы;
• баланың толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынуы;
• өтініш берушінің анық емес мәліметтер ұсынуы;
• жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқанының анықталуы;
• ата-аналардың ата-ана құқықтарынан айырылуы немесе олардың шектелуі, бала асырап алудың жарамсыз деп танылуы немесе оның күшінің жойылуы, қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерін атқарудан босатылуы немесе шеттетілуі.
Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы төлемін тоқтату шарттары:
• көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы алушының банктік шотында үш немесе одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
• жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
• жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі;
• жәрдемақы алушының стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда тұруы және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болуы, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда;
• баланың 18 жасқа толуы;
• жәрдемақы алушыға қатысты хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіру бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін растайтын құжаттың немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы;
• көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы алушының шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
• алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы.
Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы төлемі:
• бала колледжде немесе жоғары оқу орнында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқуын жалғастырған жағдайда, төлем тоқтатылған күннен бастап қайта басталады, бірақ 23 жасқа толғанға дейін;
• 18 жасқа толған бала колледжге немесе жоғары оқу орнына жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанына түскен жағдайда, оқуға түскен күннен бастап қайта басталады, бірақ 23 жасқа толғанға дейін.
Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы төлемін тоқтатудың шарттары:
• баланың қайтыс болуы;
• баланың 18 жасқа толғаннан кейін колледжден немесе жоғары оқу орнынан шығарылуы;
• баланың толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынуы;
• өтініш берушінің анық емес мәліметтер ұсынуы;
• ата-аналардың ата-ана құқықтарынан айырылуы немесе олардың шектелуі, бала асырап алудың жарамсыз деп танылуы немесе оның күшінің жойылуы, қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерін атқарудан босатылуы немесе шеттетілуі;
• жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқанының анықталуы.
Марапатталған анаға берілетін жәрдемақы төлемін тоқтата тұру шарттары:
• марапатталған анаға берілетін жәрдемақы алушының банктік шотында үш немесе одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
• жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
• жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі;
• алушының стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда тұруы және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болуы, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда;
• жәрдемақы алушыға қатысты хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіру бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін растайтын құжаттың немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы;
• марапатталған анаға берілетін жәрдемақы алушының шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, сондай-ақ қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
Марапатталған анаға берілетін жәрдемақы төлемін тоқтатудың шарттары:
• жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсыну;
• жәрдемақы алушының мемлекеттік марапатынан айырылуы;
• жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқанының анықталуы;
• марапатталған анаға берілетін жәрдемақы алушының қайтыс болуы.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін тоқтата тұру шарттары:
• мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының банктік шотында үш немесе одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
• шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
• хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіру бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін растайтын құжаттың немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы;
• ата-ана құқықтарынан айырылу немесе олардың шектелуі, бала асырап алу туралы шешімнің жарамсыз деп танылуы немесе оның күшінің жойылуы;
• қорғаншының (қамқоршының) өз міндеттерін атқарудан босатылуы немесе шеттетілуі;
• шетел азаматының Қазақстан Республикасының азаматтығын ықтиярхат алғанға дейін жоғалтқаны немесе одан шыққанының анықталуы;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерде мүгедектігі бойынша зейнетақы алатынының анықталуы;
• медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттар ұсынылғаны және (немесе) сараптамалық қорытындының негізсіз шығарылғаны туралы фактіні анықтау жөніндегі хаттаманың ресімделуі.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін тоқтатудың шарттары:
• алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтердің, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтердің болуы;
• алушының ісін кеткен елдің уәкілетті органының сұратуы;
• алушының ішкі істер органдарындағы тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін тоқтату туралы өтініш беруі;
• алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткені туралы мәліметтердің, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтердің болуы;
• өтініш берушінің жәрдемақының негізсіз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынғаны туралы фактінің анықталуы.
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін тоқтата тұру шарттары:
• алушының банктік шотында үш немесе одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
• шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
• алушыға және (немесе) асырауындағы адамдарға қатысты хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіру бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін растайтын құжаттың немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы;
• ата-ана құқықтарынан айырылу немесе олардың шектелуі, бала асырап алу туралы шешімнің жарамсыз деп танылуы немесе оның күшінің жойылуы;
• қорғаншының (қамқоршының) өз міндеттерін атқарудан босатылуы немесе шеттетілуі;
• хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылғаны немесе азаматтың тірі екендігін растайтын ақпараттың түсуі;
• қайтыс болған асыраушының балаларына, аға-інілеріне, апа-сіңлілеріне немесе немерелеріне күтім жасаумен айналысқан адамдардың жұмысқа орналасқанының анықталуы;
• 18 жастан асқан асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының білім беру ұйымынан шығарылуы немесе сырттай оқу нысанына ауыстырылуы;
• шетел азаматының Қазақстан Республикасының азаматтығын ықтиярхат алғанға дейін жоғалтқаны немесе одан шыққанының анықталуы;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерде асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алатынының анықталуы.
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін тоқтатудың шарттары:
• алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтердің болуы;
• алушының ісін кеткен елдің уәкілетті органының сұратуы;
• алушының ішкі істер органдарындағы тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, жәрдемақы төлемін тоқтату туралы өтініш беруі;
• алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткені туралы, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтердің болуы;
• өтініш берушінің жәрдемақының негізсіз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынғаны туралы фактінің анықталуы.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін тоқтата тұру шарттары:
• алушының банктік шотында үш немесе одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
• хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруде жүргені туралы фактінің анықталуы;
• ата-ана құқықтарынан және қорғаншының (қамқоршының) құқықтарынан айырылғаны, сондай-ақ қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерінен босатылғаны және шеттетілгені туралы фактілердің анықталуы;
• алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткені туралы фактінің анықталуы;
• шетел азаматының Қазақстан Республикасындағы ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
• арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі;
• арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда тұруы және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болуы, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемінен тыс көлемі ұсынылатын адамдарды қоспағанда;
• медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттар ұсынылғаны және сараптамалық қорытындының негізсіз шығарылғаны туралы фактіні анықтау жөніндегі хаттаманың ресімделуі;
• арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың анық еместігі.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлемін тоқтата тұру шарттары:
• алушының банктік шотында үш немесе одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы;
• күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіру бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін растайтын құжаттың немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы;
• күтім жасайтын шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;
• неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерін атқарудан босатылуы немесе шеттетілуі;
• медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттар ұсынылғаны және (немесе) сараптамалық қорытындының негізсіз шығарылғаны туралы фактіні анықтау жөніндегі хаттаманың ресімделуі;
• күтім жасайтын адамның немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен басқа мекемеге ауыстырылуы;
• күтім жасайтын адамның немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басқа бөлімшесіне ауыстырылуы.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлемін тоқтатудың шарттары:
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның өтініш беруі;
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның қайтыс болуы;
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
• мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оған күтім жасайтын сотталған адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазаны өтеу мерзімінің аяқталуы;
• Кодекстің 172-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы.
Сондай-ақ жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау шарттары белгіленді.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет қаражаты есебінен 35 АЕК мөлшерінде жерлеуге берілетін біржолғы төлем жүргізіледі.
Ұлы Отан соғысының ардагері болған жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға 36,6 АЕК мөлшерінде жерлеуге берілетін біржолғы төлем жүргізіледі.
Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.