Бұл өзгеріс материалдық көмек мөлшеріне қатысты емес, оны есептеу жолына қатысты болмақ.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – азаматтар алатын ақшалай көмектің түрлеріне қарамастан төленетін төлемдер. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес, бұл жәрдемақы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбектері бар тұлғаларға дейін төленеді.
«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеуді бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы жарияланған.
Негізгі өзгеріс «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы» деген түсінікке қатысты болған. Енді
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі — жәрдемақы) — жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлем;» деген түсінікпен берілген, яғни бұл тармақ «оның ішінде электрондық ақшамен төленетін» деген сөздермен толықтырылған.
Заңнамаға енгізілген өзгерістерден не өзгеруі мүмкін
Электронды ақша – бұл банк шоттары мен электронды әмияндарда сақталатын қаражат. Сонымен қатар Қазақстанда жәрдемақылар есептеу үшін белсенді тәртіптегі қол сұғылмайтын электронды әмияндар ашу жоспарланып отыр. Бұл әмияндар автоматты түрде жасалып қазақстандықтар ЖСН-не автоматты түрде тіркеліп отырады. Ол үшін банк карталарын ашу үшін екінші деңгейлі банктерге жүгінудің қажеттілігі жоқ.
Әлеуметтік әмияндағы ақша сәйкес банк шоттарындағыдай банктер, коллекторлар мен салық органдары тарапынан болатын айыппұлдардан қорғалады. Әлеуметтік әмиянға картаны тіркеп қоюға болады, өзге шоттарға ақша аударуға немесе ақшаны қолма-қол шығарып алуға болады.
Заңдағы өзге де өзгерістер
Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу ережелеріне осы Занның және өзге де заңдар сілтемелеріне қатысты өзгерістер де енгізіледі. Жәрдемақы алушылар ұсынатын құжаттар тізіміне қатысты да өзгерістер енгізілген. Мәселен, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері құжаттарының орнына 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған нысандарға сәйкес берілген КСР Одағының бұрынғы сәйкес органдары берген куәліктері есепке алына береді.
Источник: nur.kz