Петропавл қаласының тұрғындары онкологиялық емхана кабинеттерінің есіктеріндегі «Назар аударыңыз! Аудио және видео жазба жүргізіледі» деген мәтінді хабарландыруларға қатты алаңдаушылық білдірді. Емделушілердің сөзінше емхана кабинеттеріндегі пациенттерді тексеруге арналған кереуеттер дәрігер үстеліне жақын орналасқан. Сондықтан тексеру барысында мысалы, гинекологқа барсаңыз пациенттің интимдік жерлері де түсіп қалады екен. Аталмыш жағдайға Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берді.
«Бейнебақылау камералары бас дәрігерлердің қалауы бойынша орнатылған, бірыңғай бұйрық болған жоқ. Бірақ егер клиникаларда, тексеру кабинеттерінде, дәрігерлердің кабинеттерінде камера орнатылса, пациенттерге қызметтердің сапасына бақылау жүргізу мақсатында бейнебақылау жүргізіліп жатқанын ескертуі керек», — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.
Кабинет есіктерінде «Назар аударыңыз! Аудио және видео жазба жүргізіліп жатыр» деген жазулар пайда болды. Адамдарға ескерту жасалды деген сөз. Дегенмен жергілікті халықтың бұл жағдайға алаңдаушылығы азайған жоқ. Науқастар кабинеттердің өте тар екендігін және тексеруге арналған кереуеттер дәрігердің үстеліне жақын орналасқанын айтады. Сондықтан тексеру барысында емделушінің барлық интимдік жерлері камераға түсіп қалатыны сөзсіз. Сонымен қала тұрғындары бұл камералардағы жазбалардың қаншалықты қауіпсіз, қанша уақыт және қай жерде сақталатынын білмейді.
Источник: nur.kz