Now Reading
Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болатыны туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті айтып берді.

Жеке тұлғаны жеке кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеуден шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаса салық органы жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде орналасқан жері бойынша салық органына келесі құжаттарды ұсынады:

1.  қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;

2.  қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

3.  тарату туралы салық есептілігі;

4.  бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш (бар болса).

Жеңілдетілген тәртіпте ЖК жабу

Жеке кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін жеңілдетілген тәртіппен тоқтату камералдық бақылаусыз жүзеге асырылады.

Жеңілдетілген тәртіппен қызметті тоқтату үшін жеке кәсіпкер келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1.  ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген;

2.  бірлескен кәсіпорын түріндегі қызметті жүзеге асырмауы тиіс;

3.  қызметтің жекелеген түрлерімен айналыспау (бензин (авиациялықтан өзге), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату, этил спиртін және (немесе) алкогольдік сусындарды өндіру) алкогольдік ішімдіктерді көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату, темекі өнімдерін өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу, ойын бизнесі, тауарлардың электрондық саудасы).

4.  салықтық тексерулер жоспарында немесе тәуекелдерді бағалау жүйесінің қызметі нәтижелері бойынша таңдамалы салықтық тексерулер тізімінде болмау немесе тәуекелдерді бағалау негізінде арнайы тәртіппен жүргізілген салықтық тексерулердің алты айлық кестесінде болмауы тиіс;

5.  салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары жоқ;

6.  тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекелдердің жоғары деңгейі болмауы тиіс.

Бірінші тәсілді қарастырайық:

Егер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған болса, жеке кәсіпкер бір уақытта өзі орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер органына келесі құжаттар ұсынады:

1.  қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;

2.  тарату туралы салық есептілігі;

3.  бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш (бар болса).

Сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті онлайн тәртіпте салық төлеушінің кабинеті арқылы беруге болады.

Тарату туралы салық есептілігі қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер төлем жасаушы немесе салық агенті болып табылса қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған кезге дейінгі салықтық кезең үшін салық түрлері, бюджетке төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша  құрылады. 

Осыдан кейін ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады.

Екінші тәсіл:

Сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен салық органы патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің қызметін егер патент құнының келесі есебі күнтізбелік алпыс күн ішінде ұсынылмаса тоқтатады, 

o  патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап;

o  қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін.

Жеке кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаны есептен шығару туралы ақпарат уәкілетті органның www.kgd.gov.kz веб-сайтында «Электрондық қызметтер/салық төлеушілерді іздеу» айдарынан, сондай-ақ Е -Salyq Азамат мобильді қосымшасында осындай салық төлеушілер есептен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жарияланады.

 

 

 

 

 

Источник: zakon.kz

0
Tags :
No More Posts