Now Reading
Бірінші мамырдан бастап елорда автобустарында SMS арқылы жолақы төлемін төлеу тоқтатылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бірінші мамырдан бастап елорда автобустарында SMS арқылы жолақы төлемін төлеу тоқтатылады

Бірінші мамырдан бастап елорда автобустарында SMS арқылы жолақы төлемін төлеу тоқтатылады

Елордалық жолаушыларды тасымалдаушылар ұялы байланыс операторлары жұмысының  ауытқуларына жиі шағымданады. Осы шағымдар нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында 1 мамырдан бастап 2505 қысқа нөміріне SMS-хабарлама арқылы төлем жасау  қызметі тоқтатылады. 

«Мысалы байланыс ақауларынан бөлек SMS арқылы төлемді кешіктіру немесе бірнеше рет төлем жасау сияқты жағдайлар да кездеседі. Қоғамдық көлік жолаушыларының төлем төлеуден жалтару фактілері де аз емес. Осылайша кейбір азаматтар жол ақысын бақылаушылар тексеріп жүрген уақытта SMS түрінде жасап жататын сәттер де жиі кездеседі. Барлық бағыттардың іс жүзінде жұмыс істеген айналымдарын ескере отырып, төлем жасалмаудан күніне шамамен 7 млн. шығын келтіріледі. Бұл шамамен айына 216 миллион теңгені және жылына 2,5 миллиард теңгені құрайды», — дейді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов. 

Нұр-Сұлтан қаласында SMS-хабарлама арқылы төлем жасау  қызметі 2018 жылы енгізілген. Бұл қызметке барлық ұялы байланыс операторлары QR-коды көмегімен жалғанған болатын. 

«Ұялы байланыс операторларынан келіп түскен SMS-хабарлама арқылы төлем жасау  қызметін  қалдыру туралы ұжымдық өтініште қоғамдық көлік пайдаланушылары арасында тек аздаған бөлігі ғана интернет қосылмайтын және QR-коды көмегімен төлем жасай алмайтын ұялы телефондарды пайдаланады деген дерек келтіреді. Іс жүзінде мұндай пайдаланушылар қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар және бастауыш сынып оқушылары екені белгілі. 

Бұл санаттағы азаматтар үшін жеңілдікті және оқушыларға арналған көлік карталары арқылы тегін жүру қарастырылған. Аталған деректерді ескере отырып SMS-хабарлама арқылы төлем жасау  қызметін  пайдаланатын қоғамдық көлікті пайдаланушылардың басым көпшілігі смартфондары бар экономикалық белсенді тұрғындар деп айтуға болады және бұл қызмет түрі тоқтатылған жағдайда аталған жолаушылардың QR-кодты сканерлеу арқылы мобильді қосымша көмегімен төлем төлеу мүмкіндіктері бар», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек.

Бүгінгі таңда елордада көлік картасы, сонымен қатар QR-код көмегімен төлем төлеуге болады. Ол үшін келесі мобильді қосымшалар бар: Transcard, Kaspi.kz, SMSBUS, Homebank, My Activ, My Beeline, Senim, Рахмет, Astra Bus, Plus24 (Касса24), Qiwi и OYBY.

 

 

 

 

 

Источник: informburo.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×