Now Reading
Павлодарлық қолөнерші киізден бұйымдар жасау құпияларымен бөлісті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодарлық қолөнерші киізден бұйымдар жасау құпияларымен бөлісті

Павлодарлық қолөнерші киізден бұйымдар жасау құпияларымен бөлісті

Түрлі түсті сәнді кілемдер, картиналар, ойыншықтар және басқа да киізден жасалған бұйымдар қоғамдағы өзектілігін ешқашан жоғалтпайды. Павлодарда жергілікті қолөнер шебері осындай бұйымдардың барлығын ескі тәсілдермен жасайды және өз шеберлігін жас ұрпаққа үйретуде. Дәуірбек Жақсылық жіптерді біртіндеп қиюластырып, сиқырлы дүниелер жасайды. Кейіпкеріміз 15 жылдан бері қыздарға қолданбалы өнерден сабақ беріп келеді. Олардың ішінде киіз тоқу да бар. Шебер бұл жұмыстың қиын екенін айтады. Болашақ өнім талшықтың сапасына және оның құрылымына, түсіне байланысты. Жұмыстың күрделілігіне қарамастан, жыл сайын ежелгі қолөнерді үйрену үшін сабаққа ісмер әйелдер көптеп келуде.
Дәуірбек Жақсылық, қолданбалы өнер студиясының жетекшісі: — Біздің үйірме 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл жерде ұлттық қолданбалы өнердің барлық түрлері бар. Гобелен, картиналар, кілемдер, түрлі киізден бұйымдар жасау. Жылдан жылға балалардың бұл кәсіпке деген қызығушылығы азаймағаны мені өте қуантады. Жаңадан бастаушылар үшін жеңіл техникалар бар, ауыр техникалар да жеткілікті. Үйірмеге балалар негізінен екінші немесе үшінші сыныптардан келе бастайды.
Сабина Рахымбай, тілші: — Мұндағы барлық жұмыстар сүйіспеншілікпен жасалған. Мысалы, ең үлкен жұмыстардың бірі – ені бір жарым метр ұзындығы бір метр болатын жіптермен кестеленген төсеніш. Оны жасауға екі жылдан астам уақыт қажет болды. Ол бұған дейін республикалық байқауда жүлдеге ие болған жұмыстардың бірі. Жұмыстың авторы — Дильназ Шигебай. Бойжеткен ісмерлікпен айналысып жүргеніне үш жыл болды. Ол өткізген уақытына өкінбейді. Әр жұмыс — қиялдың жемісі. Бұл жерде сіз жүрегіңіз қалаған нәрсені жасай аласыз.
Дильназ Шигебай, білім алушы: — Мен қазір ши тоқумен айналысамын. «Ши» алып, сызбаға сәйкес эскиз жасалады, рамка таңдап алынады. Бұл жұмыс түрегеп тұрып жасалады. Киіз алынып шиге оралады және сызбаға сәйкес тоқылады. Бір кішкене гобелен жасау үшін үлкен шыдамдылық қажет. Бір жұмыс бір айдан бір жылға дейін жасалуы мүмкін.
Қазір үйірме жетекшісінің жүздеген өнімі бар. Шебердің оқушылары түрлі жарыстарда көптеген жеңістерге жеткен. Дәуірбек Жақсылық ежелгі шығармашылық түрлерін жаңғыртуды көздейді, сондықтан ол өз тәжірибесімен бөлісуге әрқашан дайын.

 

 

Источник: Хабар 24

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×