Шарттарды қабылдамаған қолданушылардың чаттарды пайдалануы мен қоңыраулар қызметтері бұғатталады.
15 мамырдан бастап WhatsApp мессенджердің жаңа құпиялылық саясатымен келіспейтін қолданушылардың қоңыраулары мен хабарламаларын бұғаттап бастайды.
Компания шектеу шаралары туралы алдын-ала хабарлаған. Бастапқыда қосымша қазметін тек кіріс қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беру арқылы пайдалану мүмкін болады.
Екінші кезеңде WhatsApp қоңырау шалу, хабарлама жіберу және кіріс хабарламалар туралы хабарлама алу мүмкіндігін толығымен жабуға уәде береді.
Шектеулер бірнеше апта ішінде енгізіледі. Шектеу кезеңдерінің уақыты әр қолданушы үшін жеке болады.
Жаңа құпиялылық саясатына сәйкес, мессенджер қолданушыларының жеке деректері Facebook қосымшаларының барлық түрлері үшін қол жетімді болады.