Өткен жылғы COVID-19 пандемиясынан туындаған еңбек нарығындағы жағдайдың қалпына келуімен қатар, баламалы жұмыс түрлерін дамыту арқылы жұмыспен қамту сипаты да өзгеруде.
Бүгінгі күні әлемде жұмыс істейтін әрбір 5-ші адам қашықтықтан жұмыс істеуге ауысқан немесе үйде жұмыс істей бастаған. «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі — АРДО) сарапшыларының мәліметтеріне сәйкес Қазақстанда 2021 жылдың 1-тоқсанының соңында 73,7 мың адам қашықтықтан жұмыс істеді, олардың 70,2% -ы әйелдер, негізінен қала тұрғындары, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
COVID-19 салдарынан жұмыспен қамтудың икемді түрлеріне көшкенін 2020 жылы Қазақстанда қашықтықтан жұмыспен қамтудың кеңінен таралуынан байқауға болады. Қашықтықтан жұмыс істеген немесе жұмыс істей бастаған азаматтардың қызметін ашып көрсету, қоғамның жұмыспен қамтудың баламалы түрлерін қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік берді. Қазақстанда мұның нәтижесі еркін қаражат табу деп аталатын экономиканы дамыту, әйелдер мен ауыл тұрғындарын еңбекке белсенді тарту болды.
«Мәселен, елдегі әр үшінші жұмысшы ауыл тұрғыны болып табылады және қашықтан жұмыс істейтін жұмыс берушілердің тек 14% -ы ғана байланыс құралдарын ұсынған», — дейді АРДО стратегия және жобаларды басқару департаментінің директоры Александра Молчановская.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қызмет көрсету секторының дамуы және жұмыспен қамтудың баламалы түрі ретінде толық емес жұмыс күнін енгізу ЭЫДҰ елдеріндегі әйелдер жұмыс күшінің қатысуын арттырудың қуатты факторларына айналды.
Алайда үйде жұмыс жасаудың айқын артықшылықтарына қарамастан, жұмыс уақытының ұлғаюы және жұмыс пен жеке өмір арасындағы шекаралардың анықталмау қаупі бар. Алайда жұмыспен қамтудың икемді түрлерінің кеңею қарқыны күн сайынғы жұмыспен қамтуға жаңа сипаттамалар бере отырып, қарқын алуда.
Сонымен қатар пандемияның қазақстандық еңбек нарығына әсер етуінің тағы бір көрсеткіші уақытша жұмыссыздар санының өзгеруі болды, олар жұмыс берушімен ресми қарым-қатынасты сақтай отырып, жұмыс берушінің бастамасымен іс жүзінде жұмыс істемеуге мәжбүр болды. Олардың саны өткен жылдың екінші тоқсанында шарықтап, 74% -ға азайып, 2021 жылдың 1-тоқсанында 139,6 мың адамға жетті. Ал 2020 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда 5% немесе 7,1 мың адамға азайды.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еңбек нарығындағы жағдай тұрақты түрде қалпына келуде. Жұмыс күшінің саны өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 35 миллион адамға (0,4%) көбейіп, 9 миллион 232 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту жұмысшылар арасында да (+27,2 мың адамнан 6 млн. 703 мың адамға дейін) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандардың саны (+9,4 мың адамнан 2,0 млн. адамға дейін) өсуде.
«Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызмет көрсету салаларында қалпына келтіру қарқынының өсуі байқалады, ал ауыл шаруашылық, құрылыс, өнер және ойын-сауық, қаржылық және сақтандыру қызметтерімен қамтуда қарқын аз. Біліктілік құрылымы орта білікті мамандардың өсуіне және сәйкесінше жоғары білікті қызметкерлер үлесінің азаюына қарай өзгеруде», — деді Александра Молчановская.
Менеджерлер мен кәсіби мамандардың саны сәйкесінше 16,2 мың және 13,5 мың адамға азайды. Сонымен бірге техникалық мамандардың (+41,2 мың адам), өндірістік жабдықтар операторларының (+33,5 мың адам), қызмет көрсету және сату саласындағы жұмысшылардың (+8,7 мың), сондай-ақ фермерлер мен ауыл шаруашылық жұмысшыларының саны өсті. (+6,3 мың адам). Өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылар саны 6 мың адамға артты.
2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда жұмыссыздар саны 1,7 мың адамға азайып, 451,3 мыңды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалды.
Жұмыссыздық деңгейі елдің оңтүстігінде — Алматы қаласы мен Түркістан облысында (екі облыста 5,2%), сондай-ақ Шымкент қаласында (5,1%) ең жоғары деңгейде қалып отыр. Жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Қарағанды облысында (4,5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%) байқалады.
2021 жылғы сәуірдің аяғында жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны шамамен 215 мың адамды құрады, ал жалпы республика бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,3% құрайды. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан (4,6%), Атырау және Батыс Қазақстан (екі облыста 4,4%) облыстарында тіркелді.