Елордада алғаш рет жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды.
ЖҚКО-нің басты мақсаты — мемлекеттік жастар саясатын, жастарды қолдауға және жастардың өзекті проблемалары: жұмыссыздық, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. мәселелер бойынша көмек көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.
Елорда әкімі қалада жастардың көп шоғырланған жерлерінде жастарға қызмет көрсету орталықтарын ашу керек екенін атап өтті. Осы себепті біз бүгін алғаш рет Сарыарқа ауданының әкімдігімен бірлесіп жастарға арналған орталықты ашып отырмыз. Бұл орталық бірнеше қызмет түрлерін ұсынады. Мысалы, «Отбасы банк» өз жұмысы туралы жастарға баяндайды. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастарды қолдауға дайын. Бұдан басқа, «Астана жастары» қызметкерлері белсенді жұмыс істейтін болады. Бұл орталықты ашудың басты мақсаты — жастарды қолдау», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Айта кету керек, Жастарға қызмет көрсету орталығы теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Ғимарат үш бөлмеден тұрады: күту залы, қызмет көрсету бөлмесі және жастармен кездесулер мен келіссөздер жүргізілетін «коворкинг» бөлмесі.