2021 жылы 200 адамды кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Қазіргі таңда қатысушылар мына мамандықтар бойынша курстарды бастап кетті: кондитер – 15, тігінші – 39, наубайшы – 8, аспаз – 22, электромонтёр – 5, кран машинисті – 4, электр-газ дәнекерлеуші – 4, слесарь-сантехник – 2, шаштараз – 13, кассир-бақылаушы – 10, тәрбиеші – 8, тәрбиеші көмекшісі – 2, тігінші – 14 адам.
Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды келесі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға қабылдау жүргізеді. Олар: наубайшы – 1, аспаз – 1, шаштараз – 3, электромонтёр – 5, слесарь-сантехник – 3. Осы мамандықтар бойынша өтініш жазып, бағдарламаға қатысуға болады.
Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өту үшін материалдық көмек төленеді. Оқу мерзімі оқытылатын мамандыққа байланысты 2-3 ай аралығын құрайды.
«Биыл жаңа кәсіп меңгеру туралы шешім қабылдадым. Ол үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының қабылдауына келіп, «Кран машинисі» кәсіптік курсқа жолдама алдым. Оқуды аяқтағаннан кейін әлеуметтік келісімшарт бойынша «Invest City» ЖШС-ға жұмысқа тұрамын», — деді Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушының бірі Сапаргүл Оспанова.
Сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламасына мүгедектігі бар азматтар да қатыса алады. Ринат Реймердің 3-топ мүгедектігі бар. Ол қазір кәсіптік оқуды ұйымдастыратын «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде» «наубайшы» мамандығы бойынша оқудан өтіп жатыр. Оқуын аяқтағаннан кейін «Балжидек» ЖШС-ға жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр».
Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін: +7 775 753 43 91/ 8 (7172) -954424, 954416 нөмірлеріне хабарласып білуге болады.