Now Reading
Қарағанды қаласында Даун синдромы бар балаларға арналған дамыту орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды қаласында Даун синдромы бар балаларға арналған дамыту орталығы ашылды

Қарағанды қаласында Даун синдромы бар балаларға арналған дамыту орталығы ашылды

Қарағанды қаласында «Күн шуақты балалар» қоғамдық қорының арқасында Даун синдромы бар балаларға арналған дамыту орталығы ашылды.

«Күн шуақты балалар» қоры 2020 жылдың қараша айында құрылды. Оның негізін қалаушы Әния Муратова Даун синдромы бар баланың анасы болып табылады.

«Мүмкіндігі шектеулі ұлым дүниеге келгеннен кейін мен бірқатар мәселелерге тап болдым. Жақын адамдардан ғана емес, айналаңыздан да қолдау болса, қиындықты жеңу жеңіл екенін түсіндім. WhatsApp-та біздің қауымдастық құрылған кезде мен балаларының диагнозы бірдей аналармен сөйлестім. Бастамашыл топ және менің күйеуім мені қолдады. Біздің қор осылай дүниеге келді», — деді қор басшысы.

Қордың негізгі міндеттері — әлеуметтік қорғау және оңалту, Даун синдромы бар балаларға психологиялық, әдістемелік және басқа көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету. Қазір қауымдастыққа бүкіл аймақ бойынша 115 отбасы енеді. Оның ішінде 80-ге жуық отбасы Қарағанды қаласынан. Мұндай отбасылардың саны үнемі өсіп келеді.

«Балалар оңалту курсынан тегін өтуі үшін, ал аналар бір-бірімен байланысып, өз тәжірибелерімен бөлісуі үшін бізге өз үйіміз қажет екендігін түсіндік. Ол жерден психологиялық көмек алуға, барлық отбасы үшін түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік болар еді», — деді Әния Мұратова.

Содан кейін қор басшысы демеушілер іздей бастайды. Әния қайырымдылық ұйымдарына да, ірі кәсіпорындарға да хат жазды.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы біздің өтінішімізге жауап берді. Компания үй-жайларды сатып алып қана қоймай, жөндеу жұмыстарын жүргізді, орталықты жиһаздар мен жабдықтармен толық жабдықтады. Орталықты күтіп ұстауға арналған барлық шығындар — салық, коммуналдық төлемдер және басқалары да «Қазақмыс» компаниясының есебінен жүзеге асырылады.

«Қазір біз өз орталығымызда жұмыс істейтін мамандар іздейміз. Онда логопед, массаж терапевтінің кабинеттері, жаттығу терапиясы бөлмесі, ойын және музыка бөлмелері орналасады. Біз балаларымызға шығармашылық үйірме ашуды, демалыс күндері шеберлік сыныптарын, спорттық және шығармашылық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Орталықтың ашылуы Даун синдромы бар балаларды тәрбиелеп отырған қаламыздың отбасыларына жиналуға, сенімділікті арттыруға және балалардың болашағына сенімді болуға көмектеседі. Әлі біздің қордың мүшесі емес ата-аналар біз туралы естіп, бізге қосылады деп сенемін», — деді Әния Мұратова.

Болашақта Әния Мұратова Қазақстанның басқа қалалары мен көрші елдерден оңалту бойынша мамандар шақыруды жоспарлап отыр.

Орталықтың жұмысына қатысты ақпаратты + 7-701-454-21-63 (Әния), + 7-702-169-90-32 (Айжан), + 7-700-213-56 -34 (Татьяна) телефондары арқылы алуға болады.

Қосымша ақпаратпен қордың Instagram парақшасында @ solnechnye_deti танысуға болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×