Now Reading
Қазақстандық сурдодзюдошылар Франциядағы әлем чемпионатына қатысуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық сурдодзюдошылар Франциядағы әлем чемпионатына қатысуда

Қазақстандық сурдодзюдошылар Франциядағы әлем чемпионатына қатысуда

Францияның Версаль қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтуде. Жарысқа әлемнің 26 елінен 150-ден астам спортшы қатысуда.

 

Аға жаттықтырушылар Болат Данияров пен Самат Апаковтың жетекшілігімен Қазақстаннан 14 дзюдошы өнер көрсетеді. Қазақстандық балуандар жарыстың алғашқы күндері жүлделі орындарға ие болды. Дзюдошы Алдибек Нұрмұхамед 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені жеңіп алды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шаяхмет Қанапиянов үшінші орынды иеленді.

 

Бағдарламаға сәйкес, жұма күні, 29 қазанда келесі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өтеді:

 

Әйелдер: 63 кг, 70 кг, 78 кг, 78 кг.

 

Ерлер: 81 кг, 90 кг, 100 кг, 100 кг.

 

Сенбі күні 30 қазанда «Ката» бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.

 

Айта кетейік, Чемпионат 28 қазанда басталып, 30 қазанда аяқталады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...