Now Reading
Оралдық әйел жалдамалы баспана мәселесін шешу үшін сірке суын ішкен
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Оралдық әйел жалдамалы баспана мәселесін шешу үшін сірке суын ішкен

Оралдық әйел жалдамалы баспана мәселесін шешу үшін сірке суын ішкен

Дәрігерлер әйелдің өмірі үшін күресуде.

Оралдық белсенді Надежда Солодовникова қала тұрғындарының баспана мәселесіне билік назарын аудару үшін сірке суын ішкен. Әйел адам қатты уланып ауруханаға түсті, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда болған. Надежда көршісіне «Болды, қош бол» деп хабарлама жіберген соң, үйінде сірке суын ішкен. Көршісі не болғанын білу үшін жүгіріп барып, жедел жәрдем шақырған.

Надежданы шарасыз қадамға баспана мәселесі итермелеген. Бірнеше жыл бұрын ол және тағы 150 азамат апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді, бірақ отбасыларға шаршы метрді жекешелендіруге рұқсат етілмеген. 

«Мен біздің шенеуніктерді кінәлаймын, өйткені олардың қысымына төтеп беру мүмкін емес. Халқымызға меншік құқығын беру үшін мен өзімді құрбан етемін», — деді Надежда Солодовникова бір күн бұрын.

Қазір белсенді жан өз өмірі үшін күресіп жатыр. Ол сірке суын жұтып, аузын, көмейін, өңешін және асқазанын күйдіріп алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы — Өзін-өзі өлтіруге апару бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Аталған жағдай бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде түсініктеме берілді. Олар белсендінің талаптарының заңсыз екенін айтты. Өйткені, тозығы жеткен үйлердің пәтер иелері тек жалдамалы баспанаға қоныстануы мүмкін.  

«Біз министрлік пен депутаттарға тұрғын үй қатынастары туралы заңға, атап айтқанда 13-бапқа өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жазғанбыз, оған сәйкес жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтарына жекешелендіруге құқығы жоқ пәтерлер беріледі. Сол жерге жекешелендіру құқығымен қосуыңызды сұраймыз», — деді Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев.

Облыс орталығында тағы 215 апатты үй тұрғыны баспана кезегінде тұр. Көпшілігі мұндай айырбастауды тең емес деп есептеп, шеттегі жалдамалы пәтерлерге көшуден бас тартады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×