Now Reading
Алматыда балаларды ұрып-соғып жатқан видеодағы балабақша тәрбиешісінің өзіне қол жұмсауы тергелуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда балаларды ұрып-соғып жатқан видеодағы балабақша тәрбиешісінің өзіне қол жұмсауы тергелуде

Алматыда балаларды ұрып-соғып жатқан видеодағы балабақша тәрбиешісінің өзіне қол жұмсауы тергелуде

Алматыда балаларды ұрып-соғып жатқан видеодағы балабақша тәрбиешісінің өз-өзіне қол жұмсауы тергелуде.

«1979 жылы туған Гажданка Б. өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі таңда Жетісу облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталуда», — деп растады сейсенбі күні Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққаны туралы видео тараған болатын. Аталған факті бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларда мұғалімнің кішкентай қызды құлағынан сүйреп, тағы бір баланың ерні жарылғанын, басқа қызды шашынан сүйреп, бір жаққа кетіп көп ұзамай қолына оқтау алып келіп, оны балаларға сермеп, жанындағы үстелдерді соққанын көруге болады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...